Арна орнатуы
Ескертпе
- Реттеуге болатын опциялар жағдайға байланысты әр түрлі болады. Қолжетімді емес опциялар сұр түсті болады немесе көрсетілмейді.
- Спутниктік мүмкіндіктер тек спутникатік үлгілерде қолжетімді болады.
Аналог баптауы
Аналогтық авто тюнинг: Қолжетімді аналогтық арналардың барлығын сақтайды. Әдетте, бұл операцияны орындау қажет болмайды, себебі теледидарды алғаш орнатқан кезде барлық арналар сақталып қойған болады. Алайда бұл опция сол процесті қайталауға мүмкіндік береді (мысалы, басқа үйге көшкен кезде теледидар арналарын қайта іздеу немесе жаңадан таратыла бастаған жаңа арналарды іздеу мақсатында).
Бағд. алғашқы қол баптауы: [ТД жүйесі]/[Арна]/[АДТ]/[Аудио сүзгіші]/[Қалдырып қою]/[Түс жүйесі] опциясын таңдаудан бұрын, арнамен бірге бағдарлама нөмірін таңдау үшін PROG +/− түймесін басыңыз. [Қалдырып қою] мәніне орнатылған бағдарламаны таңдауға болмайды. [Қалдырып қою]
Бағдарлама/ТД жүйесі
Бағдарламаны алдын ала қолмен орнатады.
Арна
Арна нөмірін таңдайды.
АДТ
Таңдалған арнаны қолмен дәл баптау мүмкіндігін береді. [Қосулы] таңдалғанда, дәл баптау автоматты түрде орындалады.
Аудио сүзгіші
[B/G], [I], [D/K] және [M] ТД жүйелеріндегі бөлек таралымдарда бұрмалану орын алғанда, жеке арналардың дыбысы жақсарады.
Ескертпе
- [Төмен]/[Жоғары] таңдалғанда, стерео немесе қос дыбысты қабылдау мүмкін болмайды.
Қалдырып қою
Пайдаланылмайтын арналарды өткізіп жібереді.
Түс жүйесі
Арна бойынша түс жүйесін таңдаңыз.
Сигнал деңгейі
Ағымдағы уақытта көрсетіліп жатқан бағдарламаға арналған сигнал деңгейін көрсетеді.
Бағдарлама сұрыпталуы: Арналардың теледидарда сақталу ретін өзгертеді.
Сандық орнату
Сандық тюнинг:
Сандық авто тюнинг
Қолжетімді сандық арналарды сақтайды. Бұл опция басқа үйге көшкен кезде теледидар арналарын қайта іздеуге немесе жаңадан таратыла бастаған жаңа арналарды іздеуге мүмкіндік береді.
Авто тюнинг ауқымы
Қалыпты: Сіздің аймағыңыздағы/еліңіздегі қолжетімді арналарды іздейді.
Толық: Сіздің аймағыңызға/еліңізге қарамай, қолжетімді арналарды іздейді.
Ескертпе
- [Сандық авто тюнинг] операциясын жаңа орынға көшкеннен кейін, қызмет провайдерлерін ауыстырғаннан кейін немесе жаңадан іске қосылған арналарды іздеу үшін орындауға болады.
Бағдарлама тізімін түзету
Теледидарда сақталған барлық қажетсіз сандық арналарды жойып, теледидарда сақталған сандық арналардың ретін өзгертеді.
Сандық қол тюнингі
Сандық арналарды қолмен сақтайды.
Субтитр орнату:
Субтитр параметрі
[Есту қиын жағдайда] таңдалған кезде, субтитрлармен бірге кейбір көрнекі құралдар көрсетілуі мүмкін (егер теледидар сондай ақпарат көрсетіп жатса).
Негізгі ыңғайлы тіл
Субтитрлардың қай тілде көрсетілуі керектігін таңдайды.
Қосымша ыңғайлы тіл
Субтитрлардың қосымша қай тілде көрсетілуі керектігін таңдайды.
Аудио орнату:
Аудио түрі (аудио сипаттамасы)
Қалыпты
Қалыпты дыбыс түрін қамтамасыз етеді.
Аудио сипаттамасы
Егер теледидар мұндай ақпарат көрсететін болса, көрсетіліп жатқан ақпараттың аудио сипаттамасын (мазмұндама) ұсынады.
Есту қиын жағдайда
[Есту қиын жағдайда] параметрі таңдалған кезде есту қабілеті нашар адамдарға арналған тарату түріне ауысады.
Дыбысталатын субтитр
Теледидар арналары сөйлейтін субтитр дыбысына арналған ақпаратты таратса, сондай ақпаратты таратуға ауысады.
Негізгі ыңғайлы тіл
Бағдарламаның қай тілде көрсетілуі керектігін таңдайды. Кейбір сандық арналар бағдарламаны бірнеше тілдегі дыбыспен көрсетуі мүмкін.
Қосымша ыңғайлы тіл
Бағдарламаның қосымша қай тілде көрсетілуі керектігін таңдайды. Кейбір сандық арналар бағдарламаны бірнеше тілдегі дыбыспен көрсетуі мүмкін.
Араластыру деңгейі
Теледидардың басты дыбысы мен Аудио сипаттамасын шығару деңгейлерін реттейді.
Кеңес
- Бұл опция тек [Аудио сипаттамасы] параметрі [Аудио түрі (аудио сипаттамасы)] ішінде мәніне орнатылған кезде қолжетімді.
Нұсқаулықты орнату:
Нұсқаулықты күту режимінде жаңарту
Теледидар күту режимінде EPG деректеріне қол жеткізеді.
Техникалық орнату:
Авто қызметтік жаңарту
Теледидардың жаңа сандық қызметтер қолжетімді болған сәтте оларды тауып, сақтау функциясын орнатады.
Қызметтік ауыстыру
Арна таратушы арнаның таратылуын басқа арнаға ауыстырған кезде автоматты түрде сол арнаға ауысу үшін [Қосулы] опциясын таңдаңыз.
Бағдарлама тізімін жөнелту
Орнатылған бағдарламаларды USB құрылғысының көмегімен импорттайды немесе экспорттайды.
Серік орнату:
Спутникатік арналарды автоматты түрде сақтауға мүмкіндік береді.
Сандық серікті реттеу
Қолжетімді жерсерік қызметін сақтайды.
Бұл опция басқа үйге көшкен кезде теледидар арналарын қайта іздеуге немесе жаңадан таратыла бастаған жаңа арналарды іздеуге мүмкіндік береді.
Ескертпе
- Орнату түрін таңдап, төменде көрсетілген параметрге сәйкес реттеу опцияларын орната аласыз:
Антенна конфигурациясы
Жалғыз кабель таратылымы, бекітілген антенна немесе DiSEqC параметрлерін таңдауға мүмкіндік береді.
Жерсерікті орнату түрі жалғыз кабель таратылымы, бекітілген антенна немесе DiSEqC мәнінде болуы мүмкін.
Жалғыз кабель орнатулары жалғыз коаксиалды кабель арқылы жерсерік бағдарламаларын бірнеше қабылдағыштарға жеткізуді қамтамасыз етеді. Әр қабылдағыш немесе тюнер бір пайдаланушы «диапазонына» тағайындалған.
DiSEqC орнатулары бірнеше жерсеріктік табақтарды немесе бар болғанда LNB құрылғыларын жалғап, ТД басқаруын пайдаланып олардың арасынан таңдауға мүмкіндік береді.
Бекітілген антенна әдетте бір жерсеріктік табақ және LNB құрылғысы бар ең қарапайым орнату түрі болып табылады.
Өріс
ТД немесе тюнерге тағайындалған пайдаланушы диапазондарының саны.
Өріс жиілігі
ТД немесе тюнерге тағайындалған пайдаланушы диапазондарының жиілігі.
Басқа (Жалпы серік)
ТД жерсерік қызметтерін негізгі параметрлер тобының негізінде іздейді.
DiSEqC басқаруы
Жерсерік селекторының қосқыштары сияқты қосымша жерсерік жабдықтарын басқаруға арналған параметрлер.
Сканерлеу түрі
Толық сканерлеу барлық қолжетімді жиіліктердің сканерлеуін орындайды.
Желі сканерлеуі алдын ала анықталған желі параметрлерінің негізінде сканерлеуді орындайды.
Қол сканерлеуі сканерлеу жиілігін және басқа передатчик параметрлерін орнатуға мүмкіндік береді.
Кеңес
- Егер желі сканерлеуінен кейін қызметтер жоғалса, толық сканерлеуді орындаңыз.
Серік бағдарламасы тізімін өңдеу
ТД-да сақталған барлық қажетсіз жерсерік қызметтерін жойып, ТД-да сақталған жерсерік қызметтерінің ретін өзгертеді.
Серік авто қызмет жаңартуы
ТД-дың жаңа жерсерік қызметтері қолжетімді болған сәтте оларды тауып, сақтау функциясын орнатады.
Қолмен қызмет көрсету жаңартуы (таңдаулылар мен таймерлерді сақтау):
Қолжетімді қызметтік жаңартуын қолмен іздейді.
ШҚ Модуль орнатуы:
CAM (Шартты қолдану модулі) және көру картасы алынған жағдайда ақылы теледидар қызметтерін қолдануға мүмкіндік береді.
ШҚ Модулінің PIN:
Теледидарда сақталатын Шартты қолдану модулінің (CAM) 8 таңбалы PIN кодын енгізуге мүмкіндік береді.
Қызметтер тізімін жою:
Қызметтер тізімін жояды. Жою үшін [Иə] пәрменін таңдаңыз.
Интерактивті бағдарлама орнату:
Интерактивті бағдарлама қызметі жоғары сапалы сандық мәтінді және графиканы, сонымен қатар кеңейтілген опцияларды ұсынады. Қызметке таратқыштар тарапынан қолдау көрсетіледі.
Интерактивті бағдарлама
Интерактивті қызметтер сипатындағы бағдарламаларды көрсетуге мүмкіндік береді.
Авто іске қосу бағдарламасы
Трансляцияға қатысты бағдарламаларды автоматты түрде іске қосады.
Бағдарлама үшін (Бағд. [ағымдағы бағдарлама])
Ағымдағы бағдарлама үшін интерактивті бағдарламаны іске қосады.
Ескертпе
- Интерактивті қызмет транслятор тарапынан ұсынылған жағдайда ғана қолжетімді болады.
- Қолжетімді функциялар мен экран мазмұны трансляторға байланысты өзгереді.
FM радио орнатуы (тек Ресей мен Украина үшін)
Аймағыңыздан қабылдануы мүмкін болып табылатын 30 FM радио арналарын алдын ала орнатады.
Авто реттеу: Қолжетімді барлық арналарды автоматты түрде реттеп, сақтауға мүмкіндік береді.
FM радио алдын-ала орнатулары: Бір уақытта бір қолжетімді арнаны қолмен іздеп, сақтауға мүмкіндік береді.
Ескертпе
- Бұл мүмкіндікті іске қосу үшін Басты бет (Мәзір) көмегімен FM радио режиміне кіріп, жоғарыдағы қадамдар бойынша FM радио арналарын орнатыңыз. FM радио