Орнату
Ескертпе
- Реттеуге болатын опциялар жағдайға байланысты әр түрлі болады. Қолжетімді емес опциялар сұр түсті болады немесе көрсетілмейді.
- Спутниктік мүмкіндіктер тек спутникатік үлгілерде қолжетімді болады.
Желі
Желіні орнату: Желі күйінің параметрлерін орнатады.
USB байланыстыру күйі: USB модем режимінің күйін көрсетеді.
IPv6/IPv4 басымдылығы: [IPv6] және [IPv4 (ұсынылады)] арасында ауыстыру.
Ескертпе
- Желіні [IPv6] басымдылығы арқылы пайдалану үшін, [IPv6] басымдылығын таңдаңыз, содан кейін [Желі байланысын орнату] параметрінде [Оңай] тармағын таңдаңыз.
- IPv6 басымдылығы таңдалған кезде, HTTP проксиді орнатуға болмайды.
- IPv6 басымдылығы таңдалған кезде, кейбір интернет браузер сайттарын, бағдарламаларды немесе мазмұнды көру мүмкін болмайды.
Ішіне салынған Wi-Fi: Ішіне салынған сымсыз LAN [Қосулы] немесе [Өшірулі] күйіне қояды.
Ішіне салынған сымсыз LAN функциясын пайдаланбасаңыз, [Өшірулі] күйіне орнатыңыз.
[Өшірулі] күйінен [Қосулы] күйіне ауыстырған кезде желі байланысын [Желіні орнату] арқылы орнатыңыз.
- Компьютер
- Сымсыз маршрутизатор
- Модем
- Интернет
Wi-Fi Direct: ТД-дың ДК, ұялы телефон немесе сандық фотокамера сияқты Wi-Fi Direct құрылғысына қосылуын қосады/өшіреді.
Wi-Fi Direct реттеулері: Wi-Fi Direct функциясын пайдаланып теледидарға Wi-Fi direct құрылғысын жалғау үшін реттеңіз. Егер жалғай алмасаңыз, OPTIONS пернесін басып, [Қолмен] опциясын таңдаңыз.
Құрылғы атауы: Жалғанған құрылғыда көрсетілетін теледидар атын өзгертеді.
Ғаламтор мазмұнын жаңарту: Қолжетімді ғаламтор мазмұнының қызметтерін қабылдау үшін, интернетке қосылыңыз.
Үй желісін орнату:
Серверді көрсету параметрлері
Қосылған серверлер тізімін көрсетеді. Құрылғыны таңдау кезінде көрсету үшін, серверді таңдауыңызға болады.
Сервер диагностикасы
Үй желісі бойынша теледидардың әр серверге қосылу мүмкіндігіне диагностика жасайды.
Қашықтан іске қосу
Бұл функция үй желісіне қосылған құрылғының ТД-ға қосылуына мүмкіндік береді.
Ескертпе
- Егер [Қосулы] күйіне орнатылса, күту режимінде тұтынылатын қуат мөлшері артады.
Renderer
Renderer функциясы
Мультимедиа файлдарын құрылғыда (мыс., сандық камерасы) ойнату үшін ТД іске қосады.
Renderer байланысын басқару
Көрсетілген басқару құрылғысынан қатынасу рұқсатын береді.
Renderer орнату
[Renderer орнату] толық параметрлерін реттейді.
Құпиялылық Саясаты
Құпиялылық саясатын растау үшін [Smart TV қосу] немесе [Smart TV өшіру] тармағын таңдаңыз. Құпиялылық Саясаты
Құпиялықты орнату*
Жеке ақпаратыңызды басқарады.
- Тек шектелген аймақта/елде/ТД үлгісі.
Фотосурет жақтауы параметрлері
Көрсету режимі: Көру режимін таңдауға мүмкіндік береді.
Сағат дисплейі: Сағат дисплейін таңдауға мүмкіндік береді.
Ескертпе
- Бұл опция [Көрсету режимі] параметрі [Сурет және сағат] немесе [Толық экран сағаты] күйіне орнатылған кезде қолжетімді.
Аудио бағдарлама (тек Ресей мен Украина үшін): [FM радио], [Музыка] немесе [Өшірулі] опциясын аудио бағдарлама ретінде орнатады.
Суретті таңдау: Суретті таңдаңыз.
Музыканы таңдау: Музыканы таңдаңыз.
Слайд көрсет.параметрі: Слайд көрсетілімін немесе бір фотоны көрсетуді таңдаңыз.
Музыка ойнату параметрі: Барлық жолдарды немесе бір жолды тыңдауды таңдаңыз.
Ұзақтық: ТД автоматты түрде күту режиміне өткенге дейінгі уақыт мерзімін таңдаңыз.
Аптаның бірінші күні: Күнтізбедегі аптаның бірінші күні ретінде [Жексенбі] немесе [Дүйсенбі] күнін таңдайды.
USB авто старт
USB құрылғысы USB портына жалғанған кезде, соңғы ойнатылған Фото/Музыка/Бейненің шағын суретшесін автоматты түрде көрсету үшін [Қосулы] мәнін таңдаңыз.
Сағат/Таймерлер
Таймер мен сағатты орнатады.
Ұйқы таймері: Теледидардың автоматты түрде өшкенге дейінгі қосулы тұруы қажет уақытты минуттармен көрсетеді.
Таймерді қосу: Теледидарды сіз орнатқан уақытта күту режимінен қосып, сіз қалаған арнаға немесе кіріске орнатады. Бұл функцияны орнатудан бұрын ағымдағы уақыт дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
Сағатты орнату: Ағымдағы уақыт пен күнді орнатады.
Авто/Қолмен
Ағымдағы уақытты қолмен орнату үшін [Қолмен] пәрменін таңдаңыз.
Автоматты уақыт белдеуі
Сіз орналасқан уақыт белдеуін автоматты түрде таңдау параметрін реттеңіз.
Қосулы
Күнтізбе бойынша автоматты түрде жазғы уақыт пен қысқы уақытты ауыстырып отырады.
Өшірулі
Уақыт [Уақыт аймағы] арқылы орнатылған уақыт айырмашылығы бойынша көрсетіледі.
Автоматты жазғы уақыт
Жазғы уақыт пен қысқы уақытты автоматты түрде ауыстыру параметрін реттейді.
Күн
Ағымдағы күнді орнатыңыз.
Уақыт
Ағымдағы уақытта орнатыңыз.
Уақыт аймағы
Егер ол сіздің елдегі/аймақтағы уақыт белдеуінің әдепкі параметрі болмаса, сіз орналасқан уақыт белдеуін қолмен таңдауға мүмкіндік береді.
Жазуды орнату (Тек шектелген аймақта/елде/ТД үлгісі)
HDD дискісін жазу функциясы үшін тіркеу немесе тіркеуден шығару үшін.
Жазу уақытын автоматты түрде жаңарту:
Қосулы
Жазу уақыты хабар тарату сигналы өзгерістері негізінде автоматты түрде жаңартылады.
Өшірулі
Жазу уақыты тіркеу/резервтеу уақытына негізделеді.
Тіркелген таймерлер бар болса, осы мәзір параметрін өзгерту ұсынылады.
Авто іске қосу
Бастапқы реттеу процедурасын іске қосады. Бұл опция басқа үйге көшкен кезде теледидар арналарын қайта іздеуге немесе жаңадан таратыла бастаған жаңа арналарды іздеуге мүмкіндік береді.
Тіл/Language
Мәзірлер көрсетілетін тілді таңдаңыз.
Физикалық пернетақта (тек веб-шолғышқа* арналған)
Физикалық пернетақта ТД-ға қосылған кезде физикалық пернетақта тілін таңдаңыз.
- Тек шектелген аймақта/елде/ТД үлгісі.
Іске қосу белгісі
Теледидар қосылған кезде логотипті көрсету үшін [Қосулы] мәнін таңдаңыз. Өшіру үшін [Өшірулі] мәнін таңдаңыз.
LED индикаторын
LED индикаторын қосу үшін [Қосулы] мәнін таңдаңыз. Өшіру үшін [Өшірулі] мәнін таңдаңыз.
P&P режимінде қолжетімсіз.
AV алғашқы орнатуы: Сыртқы жабдық кірісіне ат тағайындайды.
Қосу
Аттарды тек жабдық жалғанған кезде көрсету үшін [Авто] мәнін, ал қосылым күйіне қарамастан аттарды көрсету үшін [Əрқашан] опциясын таңдаңыз.
Түс жүйесі: Түс жүйесін кіріс көзінен алынған күрделі бейне сигналына сәйкес таңдайды.
Зорайтқыштар: Дыбыс шығысын теледидар зорайтқыштарына немесе сыртқы дыбыс жабдығына орнату.
Құлаққап/Аудио шығуы: Дыбыс шығысын теледидарға жалғанған құлаққапқа, сыртқы аудио жүйелеріне немесе Белсенді сабвуферге орнатады. [Аудио шығуы (бекітілген)], [Аудио шығуы (өзгермелі)] немесе [Сабвуфер] опциясы таңдалған кезде құлақсапты ТД-дан ажыратыңыз.
Аудио шығуы (бекітілген)
Теледидардың аудио шығуы бекітілген. Дыбыс деңгейін (және басқа да дыбыс параметрлерін) аудио жүйесі арқылы реттеу үшін аудио қабылдағыштың дыбыс деңгейін басқару элементтерін пайдаланыңыз.
Аудио шығуы (өзгермелі)
Сыртқы аудио жүйесі пайдаланылған кезде аудио шығуынан шығарылатын дыбыс деңгейін теледидардың қашықтан басқару құралымен реттеуге болады.
Құлаққап зорайтқышының тізбегі: Теледидарға құлаққап жалғаған кезде теледидардың ішкі зорайтқыштарын қосады/өшіреді.
Құлаққап дыбыс деңгейі: Құлаққаптың дыбыс деңгейін реттейді.
Ескертпе
- [Құлаққап/Аудио шығуы] параметрі [Аудио шығуы (бекітілген)], [Аудио шығуы (өзгермелі)] немесе [Сабвуфер] күйіне орнатылған кезде осы опция қолжетімсіз болады.
Сабвуфер: Қосу үшін [Құлаққап/Аудио шығуы] параметрін [Сабвуфер] күйіне орнатыңыз.
Сабвуфер деңгейі
Сабвуфердің дыбыс деңгейін реттеңіз.
Фаза
Фаза полярлығын таңдаңыз.
Сабвуферді синхрондау
Сабвуфер дыбысының кідіріс уақытын реттейді.
Сандық аудио шығуы: Сандық аудио шығуы (оптикалық)* кабелін немесе HDMI кабелін пайдаланып жалғау арқылы шығарылатын дыбыс сигналын орнатады.
- Тек шектелген аймақта/елде/ТД үлгісі.
Авто 1
Қысылған дыбысты өзгеріссіз шығарыңыз.
Авто 2
Бірнеше арналы мазмұнның қысылған дыбысын өзгеріссіз шығарыңыз.
PCM
Үнемі PCM пішімінде шығарыңыз.
ТД күйі: Теледидардың орнына қарай [Үстел тұғыры] немесе [Қабырға тірегі] ретінде орнатылған кезде зорайтқыштардың параметрлерін жақсартады.
HDMI сигнал пішімі:
Стандартты
Қалыпты қолданысқа арналған стандартты HDMI пішімі.
Жақсартылған
HDMI 2K HDR (Жоғары динамикалық ауқым) пішіміне қолдау көрсетілетін құрылғылар пайдалану кезінде ғана орнатыңыз.
Ескертпе
- HDMI IN 1 және HDMI IN 2 сигнал пішімі бір уақытта өзгереді.
- Егер сурет пен дыбыс [Жақсартылған] пішімінде дұрыс шықпаса, [Стандартты] күйіне өзгертіңіз.
- Бастапқы құрылғы ретінде 4K HDR мазмұнын ойнату кезінде кейбір мазмұн 2K HDR ретінде көрсетілмеуі мүмкін.
BRAVIA Sync баптаулары
ТД BRAVIA синхрондау басқ. функциясымен үйлесімді және ТД HDMI порттарына жалғанған жабдықпен байланыс жасауына мүмкіндік береді. Байланыс параметрлері жалғанған жабдықта да реттелуі керек екенін ескеріңіз.
BRAVIA Sync басқ.: Теледидардың және оған жалғанған BRAVIA Sync басқ. функциясымен үйлесімді жабдықтың операцияларын байланыстыру параметрін реттейді. [Қосулы] мәніне орнатылған кезде келесі функциялар қолжетімді болады. Егер BRAVIA Sync басқ. функциясымен үйлесімді белгілі Sony жабдығы жалғанса, бұл параметр жалғанған жабдыққа автоматты түрде қолданылады.
Авто жабдықтар өшірулі: [Қосулы] мәніне орнатылған кезде BRAVIA Sync басқ. функциясымен үйлесімді жабдық теледидар күту режиміне өткен кезде өшеді.
Авто ТД қосулы: [Қосулы] мәніне орнатылған кезде теледидарға жалғанған BRAVIA Sync басқ. функциясымен үйлесімді жабдық қосылған кезде теледидар да қосылады.
BRAVIA Sync құр.тізімі: BRAVIA Sync басқ. функциясымен үйлесімді жалғанған жабдықтардың тізімін көрсетеді. [BRAVIA Sync құр.тізімі] тізімін жаңарту үшін [Қосулы] опциясын таңдаңыз.
Құрылғыны басқару пернелері: Жалғанған жабдықпен жұмыс істеу үшін теледидардың қашықтан басқару құралындағы түймешік функцияларын таңдаңыз.
Жоқ
Теледидардың қашықтан басқару құралымен басқаруды өшіреді.
Қалыпты
Негізгі операцияларға арналған, мысалы жылжыту түймешіктері (жоғары, төмен, солға немесе оңға, т.б.).
Тюнинг пернелері
Негізгі операциялар мен арнаға қатысты түймешіктердің жұмысына арналған, мысалы, PROG +/− немесе (0-9), т.б. Қашықтан басқару құралымен тюнерді немесе ТАП құралын, т.б. басқарған кезде пайдалы.
Мәзір пернелері
Негізгі операциялар мен HOME/OPTIONS түймешіктерінің жұмысына арналған.
BD ойнатқышының мәзірлерін, т.б. қашықтан басқару құралымен таңдаған кезде пайдалы.
Тюнинг және Мәзір түйм.
Негізгі операциялар мен арнаға қатысты түймешіктердің және HOME/OPTIONS түймешігінің жұмысына арналған.
Ескертпе
- [BRAVIA Sync басқ.] функциясы бар кейбір жабдықтар [Құрылғыны басқару пернелері] мүмкіндігіне қолдау көрсетпейді.
Тұтынуш қолдау
Теледидарыңыздың үлгісі, бағдарламалық жасақтамасы және т.б. туралы ақпарат көрсетіледі. Тұтынуш қолдау