Динамикті BLUETOOTH құрылғысына Бір тигізіп жалғау (NFC) функциясымен жалғау мүмкін емес
-
Смартфонда экран құлпы қосылып тұрса, оны жалғау мүмкін емес. Смартфонда экран құлпын өшіріп, қайтадан түртіңіз.
-
NFC функциясымен үйлесімді құрылғыны ол әрекет еткенше динамикке жақындатып ұстап тұрыңыз. Жалғанбаса, құрылғыны динамиктің N белгісі бар жерінің үстімен ақырындап жылжытыңыз.
-
NFC функциясымен үйлесімді құрылғыда BLUETOOTH функциясы іске қосылғанын тексеріңіз.
-
Құрылғының NFC функциясы қосылғанын тексеріңіз.
-
Құрылғыға қап орнатылған болса, оны алып тастаңыз.
-
NFC сигналын қабылдау сезгіштігі құрылғыға байланысты әр түрлі болады. Құрылғыны динамикке бір тигізіп жалғау қайта-қайта сәтсіз болса, құрылғыны динамикке оның экранын қолданып жалғаңыз/ажыратыңыз.
-
Құрылғы NFC стандартымен үйлесімді екенін тексеріңіз. Тұтынушыларды қолдау вебсайтынан мәселеге қатысты мәліметті іздеңіз.
-
Стерео режимде жұптастыру немесе Сауық кешінде жалғау функциясын қолдану үшін
(BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жыпылықтап тұрған динамикпен жұптастырыңыз.