Смартфон немесе iPhone сияқты USB құрылғысын зарядтау

Смартфон немесе iPhone сияқты USB құрылғысын динамикке USB арқылы жалғау арқылы зарядтауға болады. Динамик АТ розеткасына қосылып тұрмаса да, оның кірістірілген батареясы USB құрылғысына қуат бере алады.

  1. Смартфон немесе iPhone сияқты USB құрылғысын USB кабелімен (бөлек сатылады) DC OUT ONLY портына (USB) жалғаңыз.

    Динамикті АТ розеткасына жалғаған кезде, жалғанған USB құрылғысы автоматты түрде зарядтала бастайды.

    Динамик қуатын тек кірістірілген батареядан алып тұрса, 2-ші-қадамға өтіңіз.

  2. Динамикті қосыңыз.

    (қуат) индикаторы жасыл түспен жанады және динамик жалғанған USB құрылғысына батареяны зарядтау үшін қуат бере бастайды.

Ескерту

  • Динамик басқа құрылғыға қуат беріп тұрғанда, қуатты автоматты түрде өшіру (Auto Standby) функциясы өшеді.

  • Динамик тек қайта зарядталатын кірістірілген батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, динамик өшірілген кезде, жалғанған USB құрылғысына қуат беру тоқтатылады.

  • CHARGE индикаторы баяу жыпылықтап тұрса, демек кірістірілген батарея заряды азайған және оны зарядтау қажет. Мұндай күйде динамик басқа құрылғыларға қуат бере алмайды.

  • USB кабелімен музыканы ойнату мүмкін емес.

  • Динамиктің кірістірілген батареясын динамикке су шашырайтын жерде зарядтамаңыз. Бірге берілген USB Type-C® кабелі, сондай-ақ қақпақ артындағы USB порты су өткізбейтіндей етіп те, шаң өткізбейтін етіп де жасалмаған.

  • Батарея зарядталып болған кезде динамиктен USB кабелін ажыратқаннан кейін, қақпақты мықтап жабуды ұмытпаңыз. Қақпақ су өткізбеу және шаң өткізбеу өнімділігінің сипаттамасында өте маңызды рөл атқарады.