Бір уақытта жалғанып тұрған BLUETOOTH құрылғыларын (Бірнеше құрылғы байланысы) ауыстыру
Бір уақытта динамикке ең көбі 2 BLUETOOTH құрылғысын жалғауға болады. Бір құрылғыда музыка ойнатылып тұрғанда басқа құрылғылардың бірінде музыка ойнатыла бастаса, динамик шығару құрылғысын ауыстырып, дыбысты жаңадан жалғанған құрылғыдан шығара бастайды.
-
BLUETOOTH құрылғысына қарай әр түрлі әрекеттерді орындау қажет болуы мүмкін. Сондай-ақ ол құрылғылар тіркесіне байланысты жалғанбауы мүмкін. Толық мәлімет алу үшін құрылғымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.
-
Динамикті қосу үшін оның
(қуат) түймесін басыңыз.
-
Динамикті смартфондар немесе iPhone құрылғылары сияқты BLUETOOTH құрылғыларымен жұптастырыңыз.
A2DP/AVRCP арқылы бір уақытта ең көбі 2 BLUETOOTH құрылғысына жалғануға болады.
BLUETOOTH байланысы орнатылған кезде, динамиктен дауыстық нұсқау естіледі (BLUETOOTH connected (BLUETOOTH жалғанды)).
Ескерту
-
Стерео режимде жұптастыру немесе Сауық кешінде жалғау функциясын қолданған кезде, бірнеше құрылғы байланысы функциясын қолдану мүмкін емес.
-
BLUETOOTH құрылғысына байланысты бір уақытта 2 BLUETOOTH байланысын орната алмауыңыз мүмкін.
-
Бірнеше құрылғы байланысы функциясы HFP (Hands-free Profile) және HSP (Headset Profile) стандарттарымен үйлесімді емес. Сондықтан бірнеше құрылғы байланысы функциясын қолданған кезде, хендс-фри функциясын қолдана алмайсыз.
-
Бірнеше құрылғы байланысы функциясы HFP (Hands-free Profile) стандартымен үйлесімді емес. Сондықтан бірнеше құрылғы байланысы функциясын қолданған кезде, динамиктің қалған батарея заряды Android смартфонында немесе iPhone/iPod touch құрылғысында көрсетілмейді.
-
Бірнеше құрылғы байланысы функциясын өшіру мүмкін емес.
Бірнеше құрылғы байланысын өшіру
-
Динамикті өшіру үшін оның
(қуат) түймесін басыңыз.
-
Қалаған BLUETOOTH құрылғысында BLUETOOTH функциясын немесе қуатты өшірген кезде, динамиктен дауыстық нұсқау естіліп (BLUETOOTH disconnected (BLUETOOTH ажыратылды)), динамикпен орнатылған BLUETOOTH байланысы ажыратылады.