BLUETOOTH байланысын (пайдаланғаннан кейін) тоқтату

BLUETOOTH құрылғысымен музыка ойнатуды аяқтағаннан кейін, BLUETOOTH байланысын тоқтату үшін келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз.

  • BLUETOOTH құрылғысындағы BLUETOOTH функциясын өшіріңіз. Мәліметтер алу үшін құрылғымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.
  • BLUETOOTH құрылғысын өшіріңіз.
  • Динамикті өшіріңіз.
  • NFC үйлесімді құрылғыны динамикке қайта тигізіңіз (құрылғыда NFC функциясы болса).

Тұспал

  • Динамикті қосу функциясын пайдаланған кезде динамикті өшірсеңіз, басқа динамик автоматты өшеді. Олардың арасындағы BLUETOOTH байланысы өшеді.
  • Музыка ойнатуды аяқтағаннан кейін, BLUETOOTH байланысы BLUETOOTH құрылғысымен байланысты автоматты түрде тоқтатуы мүмкін.