Портативті аудио құрылғысындағы және тағы басқа құрылғыдағы музыканы тыңдау
Динамикті әдеттегі сымды динамик ретінде аудио кабелін (берілмеген) пайдалану арқылы портативті аудио құрылғысына, т.б. қосу арқылы пайдалана аласыз.
- Құрылғыны AUDIO IN ұясына аудио кабелі (берілмеген) арқылы қосыңыз.
Қосылу үшін екі ұшында шағын стерео қосқышы бар кабельді (кедергісіз)* пайдаланыңыз.

* Егер кедергісі күшті аудио кабельді (стерео шағын қосқыштары бар) пайдалансаңыз, дыбыс деңгейі төменірек болуы мүмкін. Сондықтан кедергісі жоқ кабельді (стерео шағын қосқыштары бар) пайдаланыңыз.
- Динамикті іске қосыңыз.

- Жалғанған құрылғыны қосып, ойнатуды бастаңыз.
- Жалғанған құрылғыда дыбыс деңгейін орта деңгейге түсіру үшін дыбыс деңгейін реттеңіз.
- Дыбыс деңгейін реттеу үшін –/+ (дыбыс деңгейі) түймелерін басыңыз.
–/+ (дыбыс деңгейі) түймелерін басқан кезде,
(BLUETOOTH) индикаторы ақ болып бір рет жыпылықтайды.
Динамикте дыбыс деңгейін максималды немесе минималды деңгейге қойғанда,
(BLUETOOTH) индикаторы 3 рет жыпылықтайды.
Тұспал
- Дыбыс естілмегенде, қосылған құрылғының дыбыс деңгейін көтеріңіз.
- BLUETOOTH байланысы қосулы болса, портативті аудио құрылғысынан және динамиктің AUDIO IN ұясына қосылған басқа құрылғының музыкасын тыңдап отырған кезде автоматты функцияны пайдалана аласыз.
Ескерту
- Музыканы BLUETOOTH байланысы арқылы таңдағанда, аудио кабельді AUDIO IN ұясына жалғап ойнатқанның өзінде BLUETOOTH құрылғысынан шығатын дыбыстың басымдығы болады. BLUETOOTH құрылғысын ойнатуды тоқтатыңыз.
- Портативті аудио құрылғыны AUDIO IN ұясына жалғап, музыканы ойнатқанда, уақытша тоқтату және келесі тректің басына өткізу сияқты әрекеттерді орындау үшін динамиктегі түймелерді пайдалана алмайсыз.
- Су шашырауы мүмкін жерде AUDIO IN ұясын пайдаланбаңыз.

