Динамикті зарядтау
Динамикте зарядталмалы литий-иондық батарея бар, бірінші рет пайдаланбастан бұрын, оны 1 сағаттан аса зарядтап алу керек.
- Динамиктің өшкеніне көз жеткізіңіз.
- Динамикті қосулы компьютерге немесе айнымалы ток көзіне қосып зарядтаңыз.
- Қосулы компьютерден зарядтаған кезде
micro-USB кабелін (жинақта берілген) динамикке жалғаңыз, ал екінші ұшын қосулы компьютерге жалғаңыз.
- Айнымалы ток көзінен зарядтағанда
micro-USB кабелін (жинақта берілген) динамикке жалғаңыз, ал екінші ұшын USB айнымалы ток адаптеріне (жинақта берілмеген) жалғаңыз да, USB айнымалы ток адаптерін электр розеткасына қосыңыз.
Зарядтау кезінде CHG (зарядтау) индикаторы қызғылт-сары болып жанады. Динамикті 500 мА шамасында шығару мүмкіндігі бар USB құрылғыға қосқанда, зарядтау уақыты шамамен 4 сағат және 30 минут*1. Уақыт сыртқы ортаның температурасына немесе қолдану шарттарына байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Зарядтау аяқталған соң, CHG (зарядтау) индикаторы өшеді.
Динамик өшіріліп, USB құрылғысына қосылған кезде, CHG (зарядтау) индикаторы өшірулі күйінде қалса, ішкі литий-иондық батарея толық зарядталады. Толық зарядталғаннан кейін динамик USB құрылғысына қосулы күйде қалса да, батарея зарядталмайды.
*1Динамик өшірулі кезде, бос батареяны толық сыйымдылығына дейін зарядтауға жұмсалатын уақыт.
- Қосулы компьютерден зарядтаған кезде
Батареяны пайдалану мерзімі (BLUETOOTH байланысын пайдаланғанда)
Шамамен 16 сағат*2.
Жоғарыда көрсетілген уақыт сыртқы ортаның температурасына немесе қолдану шарттарына байланысты өзгеше болуы мүмкін.
*2 Көрсетілген музыка көзі пайдаланылған кезде, BLUETOOTH құрылғысы ең жоғары дыбыс деңгейіне орнатылады, ал динамиктің дыбыс деңгейі 10 мәніне орнатылады. Динамиктің дыбыс деңгейі максималды деңгейге орнатылса, батареяның қызмет көрсету уақыты 5 сағат болады.
Батарея аз қалғанда
- CHG (қызғылт-сары) индикаторы баяу жыпылықтағанда, батарея қуаты азайған және зарядтауды қажет етеді.
USB арқылы зарядтау үшін компьютердің ұсынылатын жүйесі
Windows® 10, Windows® 8.1, Windows® 8, Windows® 7 SP1, Mac OS X (нұсқа: 10.6 - 10.12)
- Жоғарыда көрсетілген жүйедегі барлық компьютерлерде пайдалануға кепілдік берілмейді.
- Үй компьютерінде пайдалану кепілдікке кірмейді.
Тұспал
- Динамик қосулы компьютерге немесе айнымалы ток көзіне USB айнымалы ток адаптері (жинақта берілмеген) арқылы жалғанған болса, қолданыстағы динамик зарядтала береді. Мұндай жағдайда пайдалану жағдайларына байланысты бұл — динамикті өшірулі күйінде зарядтаумен салыстырғанда ұзағырақ уақыт алуы мүмкін. Сондықтан зарядтау кезінде динамикті өшіріп қойған жөн.
Ескерту
- Динамикті жоғарғы дыбыс деңгейінде пайдаланған кезде, тіпті ол қосулы компьютерге жалғанған болса да, батарея қуаты азаюы мүмкін. Динамикті зарядтау кезінде пайдаланатын болсаңыз, дыбыс деңгейін төмендетіңіз. Әйтпесе динамикті өшіріп, батареяны жеткілікті зарядтаңыз.
- Динамикті жоғарғы дыбыс деңгейінде ұзақ уақыт пайдаланған кезде, тіпті ол қосулы компьютерге жалғанған болса да, батарея қуаты азаюы мүмкін. Соның салдарынан дыбыс деңгейі төмендейді. Бұл ақау емес. Динамикті өшіріп, батареяны жеткілікті зарядтаңыз.
- USB кабелін жалғап/ажыратып, қуат көзін қосулы компьютер/айнымалы ток көзі және батарея арасында ауыстырып қосқан кезде, динамиктен кішкене уақыт дыбыс шықпай қалуы мүмкін. Бұл ақау емес.
- Динамикті бірінші рет пайдаланған кезде, оны қосудан бұрын батареясын 1 сағаттан аса зарядтап алуды ұмытпаңыз.
- Тым суық немесе ыстық ортада қауіпсіздік үшін зарядтау тоқтайды. Зарядтауға көп уақыт кететін болса, бұл динамиктің зарядталуын тоқтатады. Мұндай жағдайларда CHG (зарядтау) индикаторы қызғылт-сары болып жыпылықтай береді, бірақ бұл ақау емес. Бұл мәселелерді шешу үшін micro-USB кабелін динамиктен ажыратып, оны 5°C және 35°C арасындағы жұмыс температурасында жалғаңыз.
- Су шашырауы мүмкін жерлерде зарядтамаңыз.
- Динамикті ұзақ уақыт пайдаланбайтын болсаңыз да, батареяны 6 айда бір рет жеткілікті зарядтап, оның өнімділігін сақтаңыз.

