Индикаторлар туралы

CHG (зарядтау) индикаторы (қызғылт-сары)

Өшеді Динамикті зарядтау аяқталды.
Жанады Динамик зарядталуда.
Баяу жыпылықтайды Ішкі батарея қуаты аз және зарядтауды қажет етеді.

Ескерту

  • Динамик қосулы компьютерге немесе айнымалы ток көзіне USB айнымалы ток адаптері (жинақта берілмеген) арқылы жалғанған болса, қолданыстағы динамик зарядтала береді. Мұндай жағдайда пайдалану жағдайларына байланысты батарея ұзағырақ зарядталуы мүмкін. Сондықтан зарядтау кезінде динамикті өшіріп қойған жөн.
  • Динамикті жоғары дыбыс деңгейінде ұзақ уақыт пайдаланған кезде, тіпті динамик қосулы компьютерге не айнымалы ток розеткасына USB айнымалы ток адаптері арқылы жалғанған болса да, батарея қуаты төмендеуі мүмкін. Соның салдарынан дыбыс деңгейі төмендейді. Бұл ақау емес. Динамикті өшіріп, батареяны жеткілікті зарядтаңыз.
  • Зарядтауға көп уақыт кетсе, бұл — динамиктің зарядталуын тоқтатады. Мұндай жағдайларда CHG (зарядтау) индикаторы қызғылт-сары болып жыпылықтай береді, бірақ бұл ақау емес. Бұл мәселелерді шешу үшін USB кабелін динамиктен ажыратып, оны 5°C және 35°C арасындағы жұмыс температурасында жалғаңыз.

(BLUETOOTH) индикаторы

Жанады Динамик BLUETOOTH құрылғысына қосылған.
Жылдам (секундына 3 рет) жыпылықтайды Динамик жұптастыру режиміне өтеді.
Баяу жыпылықтайды Динамик қосылатын BLUETOOTH құрылғысын іздеуде.
Бір рет жыпылықтайды /+ (дыбыс деңгейі) түймесін басқан сайын, индикатор бір рет жыпылықтайды.
3 рет жыпылықтайды -/+ (дыбыс деңгейі) түймесін қолданған кезде және дыбыс деңгейі ең төменгі не ең жоғарғы мәнге қойылғанда, индикатор 3 рет жыпылықтайды.

L/R индикаторлары

Жанады Динамикті қосу функциясының стерео режимі қосылған кезде, динамик сол жақ динамик болып істейді.
Динамикті қосу функциясының қос режимі қосылған кезде, динамик монофондық динамик болып істейді.