Музыканы екі динамикпен сымсыз байланыс арқылы тыңдау (динамикті қосу функциясы)
Екі SRS-XB10 динамигін BLUETOOTH арқылы жалғаған кезде, дыбыс ойнату режимі ретінде стерео (стерео дыбыс) немесе қос режимін (монофондық дыбыс) таңдауға болады. Бұл функцияны пайдалану үшін екі SRS-XB10 динамигі қажет.
Төмендегі екі ойнату әдісінен таңдаңыз:
Қос режим
Екі динамик те бір дыбысты ойнатады. Қос режим — бастапқы параметр.
Стерео режим
Динамиктер арасында стерео ойнату үшін бір динамик дыбысты оң жақтағы арнадан (оң жақ) ойнатса, екінші динамик дыбысты сол жақтағы арнадан (сол жақ) ойнатады.
Ескерту
- Динамикті қосу функциясын реттемей тұрып, екі динамикті де өшіріңіз.
- Бірінші динамикті реттеңіз.
- Динамиктердің бірін қосу үшін ондағы
(қуат)
PAIRING түймесін басыңыз.
(BLUETOOTH) индикаторы ақ болып жыпылықтай бастайды.
- Дыбыстық белгі естілгенше, ADD түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.
(BLUETOOTH) индикаторы жыпылықтап тұрады.
- Динамиктердің бірін қосу үшін ондағы
- Екінші динамикті реттеңіз.
- Екінші динамикті қосу үшін ондағы
(қуат)
PAIRING түймесін басыңыз.
Динамиктің
(BLUETOOTH) индикаторы ақ болып жыпылықтай бастайды.
- Дыбыстық белгі естілгенше, ADD түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.
BLUETOOTH байланысы орнатылған кезде, 2 динамиктің
(BLUETOOTH) индикаторлары ақ болып жыпылықтайды. Сосын L/R индикаторлары жанады.
Тұспал
-
Егер 2 динамик BLUETOOTH байланысын жылдам орнатса,
(BLUETOOTH) индикаторы мен L/R индикаторлары жануы мүмкін.
- Екінші динамикті 1 минуттың ішінде реттеңіз. Егер 1 минуттың ішінде реттемесеңіз, бірінші динамиктің параметрінен бас тартылады.
-
Егер 2 динамик BLUETOOTH байланысын жылдам орнатса,
- Екінші динамикті қосу үшін ондағы
- BLUETOOTH байланысын BLUETOOTH құрылғысымен орнатыңыз.
Динамиктің
(BLUETOOTH) индикаторы жыпылықтауын тоқтатып жанып тұрған кезде, BLUETOOTH байланысы орнатылады.
- BLUETOOTH құрылғысында ойнатуды бастап, дыбысты орташа деңгейге қою үшін дыбыс деңгейін реттеңіз.
- Дыбыс деңгейін реттеу үшін динамиктердің біріндегі –/+ (дыбыс деңгейі) түймелерін басыңыз.
Бір динамиктің дыбыс деңгейін реттеу басқасына әсер етеді.
Тұспал
- Қоңырау шалған немесе қабылдаған кезде,
(BLUETOOTH) индикаторы жанып тұрған динамикті ғана қолданыңыз. - Егер BLUETOOTH тінтуірі немесе BLUETOOTH пернетақтасы сияқты BLUETOOTH құрылғысы (құрылғылары) динамикке қосылған BLUETOOTH құрылғысына қосылса, динамиктің шығысында бұрмаланған дыбыс не шу болуы мүмкін. Мұндай жағдайда BLUETOOTH құрылғысы мен басқа BLUETOOTH құрылғысы (құрылғылары) арасындағы BLUETOOTH байланысын тоқтатыңыз.
- Портативті аудио құрылғыны, т.б. динамиктің AUDIO IN ұясына қосқанның және оны ойнатқанның өзінде, динамикті қосу функциясын пайдалану мүмкін емес. AUDIO IN ұясына қосылған құрылғы монофондық болса, дыбыс тек сол жақтағы L индикаторы жанатын динамиктен шығады.
Ескерту
- Динамикті қосу функциясын пайдаланған кезде екі динамиктің бірін қалпына келтірсеңіз немесе бастапқы күйіне орнатсаңыз, басқа динамикті өшіргеніңізді тексеріңіз. Динамикті қосу функциясы қайта іске қосылмас бұрын басқа динамикті өшірмесеңіз, BLUETOOTH байланысын жасауда және дыбыс шығаруда қиындық болуы мүмкін.

