Auto Standby функциясы
Динамик төмендегі шарттарға шамамен 15 минут сәйкес келіп тұрса, ол автоматты түрде өшеді.
Сатып алған кезде, Auto Standby функциясы қосылып тұрады.
Динамик BLUETOOTH режимінде тұрғанда
-
Динамикте ешқандай әрекеттің жасалмауы.
-
Жалғанған BLUETOOTH құрылғысының музыка (аудио) ойнатып тұрмауы және басқарылып тұрмауы.
Динамик AUDIO IN режимінде тұрғанда
-
Динамикте ешқандай әрекеттің жасалмауы.
-
AUDIO IN ұясына жалғанған аудио құрылғының музыка (дыбыс) ойнатып тұрмауы немесе AUDIO IN ұясына жалғанған аудио құрылғысының музыка (дыбыс) деңгейінің тым төмен болуы.
Динамик USB режимінде тұрғанда
-
Динамикте ешқандай әрекеттің жасалмауы.
-
PLAY/CHARGE портына (USB1) жалғанған USB құрылғысының музыка (дыбыс) ойнатып тұрмауы немесе PLAY/CHARGE портына (USB1) жалғанған USB құрылғысының музыка (дыбыс) деңгейінің тым төмен болуы.
Тұспал
-
Auto Standby функциясын «Sony | Music Center» қолданбасымен қосуға не өшіруге болады.
Ескерту
-
Динамикке микрофон немесе гитара жалғанып тұрғанда, Auto Standby функциясы өшіп тұрады.
-
Динамик басқа құрылғыға қуат беріп тұрғанда, Auto Standby функциясы өшеді.