USB құрылғысындағы музыканы тыңдау
Динамик келесі аудио файл форматтарын қолдайды.
-
MP3: файл кеңейтімі [.mp3]
-
WMA: файл кеңейтімі [.wma]
-
WAV: файл кеңейтімі [.wav]
-
USB құрылғысын PLAY/CHARGE портына (USB1) жалғаңыз.
-
Ойната бастау үшін
(ойнату) түймесін басыңыз.Ойнатуды басқару немесе USB құрылғысындағы музыка тізімінен музыканы оп-оңай таңдау үшін «Sony | Music Center» қолданбасын пайдалануға болады.
Динамиктегі түймемен төмендегі әрекеттерді де орындауға болады.
-
Ойнатуды кідірту
Ойнатылып жатқанда,
(ойнату) түймесін басыңыз. Ойнатуды қайта қосу үшін түймені тағы бір рет басыңыз. -
Келесі әнге аттап өту
Ойнатылып жатқанда,
(ойнату) түймесін екі рет тез басыңыз. -
Ағымдағы немесе алдыңғы әннің басына өту
Ойнатылып жатқанда,
(ойнату) түймесін 3 рет тез басыңыз.
-
-
Дыбыс деңгейін реттеу үшін -/+ (дыбыс деңгейі) түймесін басыңыз.
Ескерту
-
Динамик төмендегі жағдайларда USB құрылғысындағы аудио файлдарды ойната алмайды:
-
Жалғанған USB құрылғысындағы аудио файлдардың жалпы саны 2 000-нан асады.
-
Жалғанған USB құрылғысындағы қалталардың саны, «ROOT» қалтасы мен бос қалталарды қоса есептегенде, 300-ден асады.
Жоғарыдағы мәндер файлдар мен қалталардың құрылымына байланысты. Аудио файлдар жазылған USB құрылғысында түрлері басқа-басқа файлдарды немесе қажетсіз қалталарды сақтамаңыз.
-
-
Динамик ең көбі 8-деңгейдегі қосалқы қалталарға жазылған аудио файлдарды ойната алады.
-
Ойнату кезінде ішінде аудио файлдары жоқ қалталар еленбейді.
-
Қолдау көрсетілетін файл кеңейтіміне ие файлдың іс жүзіндегі мазмұны мақсатты мазмұнынан өзге болса, сол файл ойнатылған кезде, динамиктен шу естілуі немесе динамик дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
-
USB құрылғысы PLAY/CHARGE портына (USB1) жалғанып тұрғанда, USB порты арқылы ойнатылатын аудиоға басымдық беріліп, BLUETOOTH құрылғысынан және AUDIO IN ұясына жалғанған құрылғының аудио шығысы өшіріледі. BLUETOOTH байланысының күйіне қарай, динамиктегі
(BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жанады немесе жыпылықтайды. Бірақ бұл ақаулық емес. -
Динамикке USB құрылғысы жалғанып тұрған кезде де, мысалы «Sony | Music Center» қолданбасында [My Library] опциясын таңдау арқылы BLUETOOTH байланысы арқылы жалғанған BLUETOOTH құрылғысынан немесе AUDIO IN ұясына жалғанған құрылғыдан музыка тыңдауға болады.