Сақтық шаралары

Қауіпсіздік туралы

  • Модель атауы сияқты маңызды ақпарат мына жерлерде орналасқан:

    • Динамиктің артқы жағындағы қақпақтың ішкі бетінде

    • Айнымалы ток адаптерінің бетінде

Айнымалы ток адаптері туралы мәлімет

  • Тек берілген Айнымалы ток адаптерін пайдаланыңыз. Динамикті зақымдап алмау үшін басқа Айнымалы ток адаптерін пайдаланбаңыз.

Орнатуға қатысты

  • Істен шығу қаупінің алдын алу үшін, осы динамикті төмендегі жерлерге қоймауға немесе сол жерлерде қалдырмауға тырысыңыз.

    • Күн немесе жарықтандыру жабдығынан жарық түсетін жер, жылу көзінің жаны немесе сауна сияқты температурасы көтерілетін жер

    • Терезелері жабық көліктің іші (әсіресе жазғы уақытта)

    • Шамадан артық шаң болатын жер

    • Қатты дірілдеуі мүмкін жер

  • Осы динамикті тегіс, түзу жерге қойыңыз. Қиғаш жерге қойылған кезде, динамик өзінің дірілдеуі салдарынан түсіп кетіп, жарақатқа, ақауға немесе өнімділіктің төмендеуіне себеп болуы мүмкін.

  • Осы динамик қойылған жерден сол жердегі жағдайларға байланысты түсіп кетуі мүмкін. Динамик жанында кез келген бағалы заттарды қалдырмаңыз.

  • Бұл динамиктің магниттік оқшаулауы жоқ. Магниттік өріс әсер етуі мүмкін заттарды (жазылған таспалар, сағаттар, магниттік таспасы бар төлем немесе несие карталары, т.б.) динамиктен аулақ ұстаңыз. Динамикті алып жүргенде де осы жайттарды ескеріңіз.

Басқа

  • Осы динамикті ұзақ уақыт қолдансаңыз, оның температурасы көтерілуі мүмкін, бірақ бұл ақаулық емес.

  • Динамикті тым суық немесе ыстық жерде (температурасы 535 °C ауқымынан тыс) пайдаланбаңыз не қалдырмаңыз. Егер динамик жоғарыда көрсетілген ауқымнан тыс жағдайда пайдаланылған немесе қалдырылған болса, ішкі схеманы қорғау үшін динамик автоматты түрде тоқтауы мүмкін.

  • Жоғары температурада зарядталмауы немесе батарея қуатын сақтау үшін дауыс қаттылығы төмендеуі мүмкін.

  • Динамикті ұзақ уақыт пайдаланғыңыз келмегеннің өзінде, жұмыс өнімділігін сақтау үшін батареяны 6 ай сайын толық зарядтап отырыңыз.