BLUETOOTH® құрылғыларымен жұптастыру және оларға жалғау
Жұптастыру дегеніміз — сымсыз жалғанатын BLUETOOTH құрылғыларында ақпаратты екі жақты тіркеу үшін қажетті процесс.
Екінші не одан кейінгі BLUETOOTH құрылғысын жұптастыру үшін әр құрылғы үшін мына жұптастыру процедурасын орындаңыз.
Динамикті пайдаланудан бұрын, мына әрекеттерді орындауды ұмытпаңыз:
-
BLUETOOTH құрылғысын динамиктен ең көбі 1 м қашықтықта орналастырыңыз.
-
Динамикті бірге берілген айнымалы ток адаптерімен және АТ қуат кабелімен (ток желісінің кабелі) АТ розеткасына жалғаңыз. Немесе қайта зарядталатын кірістірілген батареяны жетерліктей зарядтаңыз.
-
Динамиктен кенет қатты дыбыс шықпауы үшін BLUETOOTH құрылғысының және динамиктің дыбыс деңгейін төмендетіңіз немесе музыканың ойнатылуын тоқтатыңыз.
BLUETOOTH құрылғысына байланысты оның дыбыс деңгейін динамикпен синхрондауға болады.
-
Мәлімет алу үшін BLUETOOTH құрылғысының пайдалану нұсқауларын дайын ұстаңыз.
-
Динамикті қосыңыз.
-
(BLUETOOTH) индикаторының күйін тексеріңіз.Индикатор екі рет жыпылықтап тұрғанда
Динамикті сатып алғаннан бері BLUETOOTH құрылғысымен алғаш рет жұптастырғаннан немесе динамиктің бастапқы параметрлерін орнатқаннан (динамикте жұптастыру ақпараты жоқ) кейін, ол қосылған кезде автоматты түрде жұптастыру режиміне өтеді.
-қадамға өтіңіз.Индикатор баяу жыпылықтап тұрғанда
Динамик BLUETOOTH құрылғысын іздеп жатыр.
-
Динамикті екінші не одан кейінгі BLUETOOTH құрылғысымен жұптастыру үшін (динамикте басқа BLUETOOTH құрылғыларының жұптастыру ақпараты болмағанда),
-қадамға өтіңіз. -
Бұдан бұрын тіркелген (жұптастырылған) BLUETOOTH құрылғысын қайта жалғау үшін
-қадамға өтіңіз.BLUETOOTH құрылғысында BLUETOOTH функциясы қосылса, динамик автоматты түрде жалғанады. BLUETOOTH құрылғысына байланысты динамиктің қуаты қосылғанда, ол қайта жалғануы мүмкін. Толық мәлімет алу үшін BLUETOOTH құрылғысымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.
Индикатор жанып тұрғанда
Динамик BLUETOOTH құрылғысына жалғанды.
Басқа BLUETOOTH құрылғыларына жалғану үшін төмендегі процедуралардың бірін орындаңыз.
-
Динамикті екінші не одан кейінгі BLUETOOTH құрылғысымен жұптастыру үшін (динамикте басқа BLUETOOTH құрылғыларының жұптастыру ақпараты болмағанда),
-қадамға өтіңіз. -
Бұдан бұрын тіркелген (жұптастырылған) BLUETOOTH құрылғысын қайта жалғау үшін
-қадамға өтіңіз. BLUETOOTH құрылғысында BLUETOOTH функциясы қосылса, динамик автоматты түрде жалғанады.
-
-
(BLUETOOTH) түймесін басыңыз.Динамиктен дауыстық нұсқау естіліп (BLUETOOTH pairing (BLUETOOTH арқылы жұптастыру)),
(BLUETOOTH) индикаторы екі рет жыпылықтай бастайды (жұптастыру режимі).
-
Динамикті анықтау үшін BLUETOOTH құрылғысында жұптастыру процедурасын орындаңыз.
BLUETOOTH құрылғысының дисплейінде анықталған құрылғылардың тізімі көрінген кезде, «SRS-XG500» құрылғысын таңдаңыз.
BLUETOOTH құрылғысының дисплейінде құпия кілт* сұралса, «0000» кодын енгізіңіз.
* Құпия кілт «құпия код», «PIN коды», «PIN нөмірі» немесе «құпия сөз» деп аталуы мүмкін.
-
BLUETOOTH құрылғысынан BLUETOOTH байланысын орнатыңыз.
BLUETOOTH байланысы орнатылған кезде, динамиктен (BLUETOOTH connected (BLUETOOTH жалғанды)) дауыстық нұсқауы естіліп,
(BLUETOOTH) индикаторының күйі жыпылықтап тұрудан жанып тұру күйіне ауысады.
BLUETOOTH байланысы орнатылмаса,
-қадамнан қайта бастаңыз.
Тұспал
-
Динамикке бұдан бұрын жалғанып тұрған BLUETOOTH құрылғысында BLUETOOTH функциясы іске қосылып тұрса, динамик қосыла сала сол құрылғыға қайтадан жалғанады.
-
Жоғарыдағы BLUETOOTH құрылғысында орындалатын нұсқаулар мысал ретінде берілген. Толық мәлімет алу үшін BLUETOOTH құрылғысымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.
-
Динамик бір уақытта 2 BLUETOOTH құрылғысының жалғанып тұруын қолдайды. Бір құрылғыда музыка ойнатылып тұрғанда екінші құрылғыда музыка ойнатыла бастаса, динамик аудио көзін бірінші құрылғыдан екінші құрылғыға ауыстырып, дыбысты екінші құрылғыдан шығара бастайды (Бірнеше құрылғы байланысы).
Ескерту
-
Apple iOS құрылғыларында динамик iOS 10.0 не одан кейінгі нұсқалармен үйлесімді. iOS 9.x не одан бұрынғы нұсқалар орнатылған құрылғыларда BLUETOOTH байланысы қолжетімді емес.
-
Динамиктің жұптастыру режимі шамамен 5 минуттан кейін босатылады да,
(BLUETOOTH) индикаторы баяу жыпылықтайды. Дегенмен динамикте жұптастыру ақпараты болмаған кезде, мысалы зауыттық параметрлер орнатылғанда, жұптастыру режимі босатылмайды. Жұптастыру режимі процесс аяқталмай тұрып босатылса,
-қадамнан қайта бастаңыз. -
Динамиктің құпия кілті: «0000». BLUETOOTH құрылғысында «0000» кодынан басқа құпия кілт орнатылған болса, динамикпен жұптастыру мүмкін болмайды.
-
BLUETOOTH құрылғылары жұптастырылғаннан кейін, оларды мына жағдайлардан басқа жағдайларда қайтадан жұптастыру қажет емес:
-
Жөндеуден, т.б. жұмыстардан кейін жұптастыру ақпараты жойылған.
-
Динамик 8 құрылғымен жұптастырылып, тағы бір құрылғымен жұптастыруға әрекет жасалуда.
Динамикті ең көбі 8 құрылғымен жұптастыруға болады. 8 құрылғы жұптастырылғаннан кейін, жаңа құрылғы жұптастырылса, осы жаңа құрылғы ең алғаш болып жұптастырылған құрылғыны алмастырады.
-
Динамиктің жұптастыру ақпараты BLUETOOTH құрылғысынан жойылған.
-
Динамиктің бастапқы параметрлері орнатылады.
Барлық жұптастыру ақпараты жойылады. Динамиктің бастапқы параметрлерін орнатсаңыз, ол BLUETOOTH құрылғысына жалғанбауы мүмкін. Мұндай жағдайда BLUETOOTH құрылғысындағы динамиктің жұптастыру ақпаратын өшіріп, жұптастыру процедурасын қайтадан орындаңыз.
-
-
Динамикті бірнеше құрылғымен жұптастыруға болады, бірақ музыка бір уақытта бір жұптастырылған құрылғыдан ғана ойнатылады.
-
Стерео режимде жұптастыру немесе Сауық кешінде жалғау функциясын қолданған кезде, бірнеше құрылғы байланысы функциясын қолдану мүмкін емес.