Қуатты қосу

  1. (қуат) түймесін басыңыз.

    (қуат) индикаторы жасыл түспен жанады және (BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен баяу жыпылықтайды.

    Динамикте жұптастыру ақпараты болмаса, мысалы сатып алғаннан кейін BLUETOOTH функциясын алғаш рет қолданған кезде, (BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен екі рет жыпылықтап тұрады.

Ескерту

  • CHARGE индикаторы 3 рет жыпылықтаса және динамикті қосқаннан кейін ол өшіп қалса, демек қайта зарядталатын кірістірілген батареяның заряды таусылған. Кірістірілген батареяны зарядтаңыз.

  • CHARGE индикаторы баяу жыпылықтай бастаса, демек кірістірілген батарея заряды азайған және оны зарядтау қажет.