BLUETOOTH арқылы аудио ағынын ойнату сапасын (кодек) таңдау

«Дыбыс сапасына басымдық беру» және «Тұрақты байланысқа басымдық беру» режимдерін BLUETOOTH арқылы аудио ағынын ойнату сапасының опциялары ретінде таңдауға болады. «Дыбыс сапасына басымдық беру» режимі SBC және AAC кодектерінің ойнату параметрлерін орнатуға мүмкіндік береді, соның арқасында BLUETOOTH байланысы арқылы жоғары сапалы дыбысты естисіз, ал «Тұрақты байланысқа басымдық беру» режимі тұрақтырақ BLUETOOTH арқылы аудио ағынын тарату мүмкіндігін қамтамасыз етеді. «Дыбыс сапасына басымдық беру» — әдепкі параметр.

Қолдау көрсетілетін кодектер

  • Дыбыс сапасына басымдық беру (әдепкі параметр): AAC және SBC арасында оңтайлы кодек автоматты түрде таңдалады.

  • Тұрақты байланысқа басымдық беру: SBC таңдалады.

  1. Динамикті қосыңыз.

    (BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жыпылықтайды*.

    Бұдан бұрын жалғанған BLUETOOTH құрылғысы жақын жерде болса, динамик құрылғыға автоматты түрде жалғанып, одан кейін (BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жануы мүмкін.

  2. (ойнату)/(қоңырау) түймесін және (BLUETOOTH) түймесін шамамен 2 секунд басып тұрыңыз.

    Параметр «Тұрақты байланысқа басымдық беру» режиміне өзгертілгенде, динамик өшеді және (BLUETOOTH) индикаторы сөнеді, одан кейін көгілдір түспен 3 рет жыпылықтайды.

    Параметр «Дыбыс сапасына басымдық беру» режиміне өзгертілгенде, динамик өшеді және (BLUETOOTH) индикаторы сөнеді, одан кейін көгілдір түспен екі рет жыпылықтайды.