BLUETOOTH байланысын ажырату (пайдаланғаннан кейін)
BLUETOOTH құрылғысынан музыка ойнатып болғаннан кейін, BLUETOOTH байланысын ажырату үшін төмендегі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз.
BLUETOOTH байланысы ажыратылған кезде, динамиктен сигнал естіледі.
-
BLUETOOTH құрылғысында BLUETOOTH функциясын өшіріңіз. Толық мәлімет алу үшін құрылғымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.
-
BLUETOOTH құрылғысын өшіріңіз.
-
Динамикті өшіріңіз.
Тұспал
-
Стерео режимде жұптастыру функциясын қолданып отырғанда бір динамикті өшірсеңіз, екінші динамик те автоматты түрде өшеді. Олардың арасындағы BLUETOOTH байланысы ажыратылады.
-
Музыка ойнатып болғаннан кейін, BLUETOOTH құрылғысына байланысты BLUETOOTH байланысы автоматты түрде ажыратылуы мүмкін.

