Индикаторлар туралы мәлімет

CHARGE индикаторы (сарғылт)

Өшеді Динамик зарядталып болды.
Жанады Динамик зарядталуда.
Баяу жыпылықтайды Кірістірілген батареяның заряды 20%-дан аз, оны зарядтау қажет.
3 рет жыпылықтап, өшеді Динамикті қосқан кезде CHARGE индикаторы 3 рет жыпылықтап, өшсе, демек кірістірілген батарея заряды таусылған және оны зарядтау қажет.

Ескерту

  • Динамик USB айнымалы ток адаптерімен (бөлек сатылады) АТ розеткасына жалғанып тұрғанда, динамик қосылып тұрса да, динамиктің кірістірілген батареясы өзін-өзі зарядтай алады.

    Дегенмен динамиктің қолданылуына байланысты зарядталу аяқталуы үшін ұзақ уақыт кетуі мүмкін. Батареяны зарядтаудан бұрын динамикті өшіріп қойған жөн.

  • Динамикті жоғары дыбыс деңгейінде қолдансаңыз, динамик USB айнымалы ток адаптерімен АТ розеткасына жалғанып тұрса да, USB айнымалы ток адаптерінің түріне немесе сипаттамаларына байланысты қайта зарядталатын кірістірілген батареяның қалған заряды азаюы немесе динамик өшуі мүмкін. Бірақ бұл ақаулық емес. Мұндай жағдай орын алса, динамикті өшіріп, оны қайтадан қолданбас бұрын, батарея толығымен зарядталғанша күтіңіз.

  • Қоршаған орта температурасы аса төмен не жоғары болса, кірістірілген батарея қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін зарядталуын тоқтатады. Зарядтау ұзақ уақыт жасалса да, ол зарядталуын тоқтатуы мүмкін. Мұндай жағдай орын алса, температураны 5 °C–35 °C аралығындағы жұмыс температурасына дейін көтеріп не төмендетіп, USB кабелін ағытып, қайта жалғаңыз да, батарея қайта зарядталғанша күтіңіз.

(қуат) индикаторы (жасыл)

Өшеді Динамик өшеді.
Жанады Динамик қосылады.
Жыпылықтайды
  • -/+ (дыбыс деңгейі) түймелері басылған сайын индикатор бір рет жыпылықтайды.

  • -/+ (дыбыс деңгейі) түймелерін қолданған кезде, дыбыс деңгейі ең төмен (0) не ең жоғары (музыка ойнату үшін 31/телефон қоңыраулары үшін 31) деңгейге орнатылған жағдайда, индикатор 3 рет жыпылықтайды.

  • (ойнату)/(қоңырау) түймесі мен - (дыбыс деңгейі) түймесі бірге 5 секунд басылып тұрса және Auto Standby функциясы өшіп тұрса, (қуат) индикаторы сөніп, одан кейін 3 рет жыпылықтайды.

  • (ойнату)/(қоңырау) түймесі мен - (дыбыс деңгейі) түймесі бірге 5 секунд басылып тұрса және Auto Standby функциясы қосылып тұрса, (қуат) индикаторы сөніп, одан кейін екі рет жыпылықтайды.

(BLUETOOTH) индикаторы (көгілдір)

Жанады Динамик BLUETOOTH құрылғысына жалғанып тұр.
Екі рет жыпылықтайды

Динамик жұптастыру режиміне кіреді.

Баяу жыпылықтайды

Динамик BLUETOOTH байланысының орнатылуын күтіп тұр.

ST PAIR (Стерео режимде жұптастыру) индикаторы (ақ)

Жыпылықтайды

Динамик Стерео режимде жұптастыру функциясы байланысының орнатылуын күтіп тұр.

Стерео режимде жұптастыру функциясымен байланыс орнатылмаса, ST PAIR (Стерео режимде жұптастыру) индикаторы жыпылықтайды.

Жанады Динамикте Стерео режимде жұптастыру функциясы қолданылуда.