Auto Standby функциясы

Динамик төмендегі шарттарға шамамен 15 минут сәйкес келіп тұрса, ол автоматты түрде өшеді.

Сатып алған кезде, Auto Standby функциясы қосылып тұрады.

  • Динамикте ешқандай әрекеттің жасалмауы.

  • Жалғанған мобильді телефонның (смартфонның) хендс-фри функциясы өшіп тұруы және мобильді телефонның (смартфонның) музыка (аудио) ойнатып тұрмауы және басқарылып тұрмауы. Толық мәлімет алу үшін мобильді телефонмен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.

  • WALKMAN® сияқты жалғанған BLUETOOTH құрылғысының музыка (аудио) ойнатып тұрмауы және басқарылып тұрмауы.

Ескерту

  • Динамик iPhone/iPod touch құрылғысына BLUETOOTH байланысы арқылы жалғанғанда, Auto Standby функциясы өшіріледі.

Auto Standby функциясын қосу/өшіру

  1. Динамикті қосыңыз.
  2. (ойнату)/(қоңырау) түймесін және - (дыбыс деңгейі) түймесін бір уақытта шамамен 5 секунд басып тұрыңыз.
    • Auto Standby функциясы өшірілген кезде, динамик өшіп, (қуат) индикаторы сөнеді де, одан кейін 3 рет жасыл түспен жыпылықтайды.

    • Auto Standby функциясы қосылған кезде, динамик өшіп, (қуат) индикаторы сөнеді де, одан кейін екі рет жасыл түспен жыпылықтайды.

Ескерту

  • Стерео режимде жұптастыру функциясы немесе хендс-фри функциясы қолданылып жатқанда, Auto Standby функциясын қосу/өшіру мүмкін болмайды.