Дыбыс жоқ/тек бір динамиктен дыбыс шығады/дыбыс деңгейі төмен/дыбыс бұрмаланады/динамиктен быжылдаған дыбыс не шу естіледі/қоңырау шалушылардың дауысы естілмейді не ақырын естіледі
-
Динамик те, жалғанған құрылғы да қосылып тұрғанын тексеріңіз.
-
Динамиктің және жалғанған құрылғының дыбыс деңгейін көтеріңіз.
-
Жалғанған құрылғыдан дыбыс ойнатылып тұрғанын тексеріңіз.
-
Динамикке компьютерді жалғаған болса, компьютердің аудио шығыс параметрі BLUETOOTH құрылғысына орнатылғанына көз жеткізіңіз.
-
Динамик BLUETOOTH құрылғысымен BLUETOOTH байланысын орнатқанын тексеріңіз.
-
Динамик пен BLUETOOTH құрылғысын қайтадан жұптастырыңыз.
-
Жалғанған құрылғының эквалайзер функциясы болса, оны өшіріңіз.
-
Динамикті микротолқынды пештен, Wi-Fi® құрылғыларынан, т.б. аулақ ұстаңыз.
-
BLUETOOTH құрылғысын динамикке жақындатыңыз. Динамик пен BLUETOOTH құрылғысы арасында қандай да бір кедергі болса, оны алып тастаңыз.
-
CHARGE индикаторы баяу жыпылықтай бастаса, динамикті өшіріп, кірістірілген батареяны жетерліктей зарядтаңыз.
-
Кірістірілген радиосы немесе тюнері бар құрылғыны динамикке BLUETOOTH байланысы арқылы жалғау мүмкін емес, себебі таратылымдарда шу болуы мүмкін.
-
Динамикті теледидардан, радиодан немесе тюнерден, т.б. алысырақ орналастырыңыз, себебі таратылымдарда шу болуы мүмкін.
-
Стерео режимде жұптастыру функциясын қолданған кезде, BLUETOOTH тінтуірі не BLUETOOTH пернетақтасы сияқты кез келген басқа BLUETOOTH құрылғысы (-лары) BLUETOOTH құрылғысына жалғанса, олардың арасындағы байланысты ажыратыңыз.
-
Кейбір BLUETOOTH құрылғыларының сымсыз режимде ойнату сапасы өзгертуі мүмкін. Құрылғыңыз осы функциямен үйлесімді болса, дыбыс сапасынан гөрі «Тұрақты байланысқа басымдық беру (SBC)» параметрін таңдаңыз. Толық мәлімет алу үшін құрылғымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.
-
Динамиктің сымсыз режимде ойнату сапасы үшін «Тұрақты байланысқа басымдық беру (SBC)» параметрін таңдаңыз.
-
Қоңырау қабылдаған/шалған кезде, BLUETOOTH құрылғысының шығысы динамикке орнатылғанын тексеріңіз.

