Компьютерді қосу/драйверді орнату

Компьютерді USB портына берілген micro-USB кабелімен қоса аласыз.

Жоғары ажыратымдылықты аудио пішімді файлдарын ойнату

Динамик жоғары ажыратымдылықты аудио пішімімен (192 кГц/24 бит) үйлесімді.

Жоғары ажыратымдылықты аудио пішімді файлдарды компьютеріңізде динамикпен ойнату үшін, «Sony | Music Center for PC» немесе «Hi-Res Audio Player» компьютеріңізге жүктеп, орнатуыңыз қажет.

  1. Компьютерді USB портына берілген micro-USB кабелімен қосыңыз.

    Windows компьютеріне қосқанда, драйвер автоматты түрде орнатылады. Егер ол автоматты түрде орнатылмаса, келесі веб-сайттардың біріне өтіңіз және жетекті жүктеп, орнатыңыз.

    Еуропадағы тұтынушылар үшін:

    http://www.sony.eu/support

    АҚШ тұтынушылары үшін:

    http://esupport.sony.com/US

    Канада тұтынушылары үшін:

    http://esupport.sony.com/CA/

    Басқа елдердегі/аймақтардағы тұтынушылар үшін:

    http://www.sony-asia.com/section/support

    Бағдарламаны орнату әдісі туралы мәлімет алу үшін веб-сайттағы нұсқауларды орындаңыз.

Ескерту

  • USB хабы немесе USB ұзартқыш кабелі пайдаланылса, Sony дұрыс жұмыс істеуіне кепілдік бермейді.
  • Пайдалану кезінде компьютерді ажыратпаңыз. Деректердің зақымдалуын болдырмау үшін, ойнатуды тоқтатыңыз да, компьютерді ажыратпастан бұрын динамиктің қуатын өшіріңіз.