Музыканы компьютерде тыңдау
Динамиктің USB портына қосылған компьютерде музыканы тыңдай аласыз.
Жоғары ажыратымдылықты аудио пішімді файлдарын ойнату
Динамик жоғары ажыратымдылықты аудио пішімімен (192 кГц/24 бит) үйлесімді.
Жоғары ажыратымдылықты аудио пішімді файлдарды компьютеріңізде динамикпен ойнату үшін, «Sony | Music Center for PC» немесе «Hi-Res Audio Player» компьютеріңізге жүктеп, орнатуыңыз қажет.
- Компьютеріңізді USB портына қосыңыз.
- FUNCTION түймесін USB индикаторы жанғанша қайталап басыңыз.
Динамик USB режиміне өтеді.

«Sony | Music Center for PC» қолданған кезде, «Sony | Music Center for PC» опциясында келесі параметрлер талап етіледі.
- [Tools] мәзірінен [Settings] таңдаңыз.
- [Audio output settings]
түймесін басыңыз. Одан кейін [Output mode] тармағының астында [ASIO] немесе [Exclusive WASAPI]
параметрін таңдаңыз. Ашылмалы мәзірден тағайындалған *1 драйверін немесе қосылған *1 құрылғысын таңдаңыз.
*1 «Sony Audio Driver» немесе «Speakers (Sony Audio)» көрсетілуі мүмкін.
- Пайдалану бойынша компьютер экранындағы нұсқауларды орындаңыз.
Процедура бойынша толық деректерді «Sony | Music Center for PC» қолдау веб-сайтындағы [How to use] бөлімінен қараңыз.
- Жоғары ажыратымдылықты аудио файлын ойнатуды бастау үшін және дыбыс деңгейін орташа деңгейге реттеу үшін компьютерді пайдаланыңыз.
Жоғары ажыратымдылықты аудио файлдарын компьютерде ойнату үшін «Sony | Music Center for PC» немесе «Hi-Res Audio Player» пайдаланыңыз.
- Дыбыс деңгейін реттеу үшін –/+ (дыбыс деңгейі) түймелерін басыңыз.
–/+ (дыбыс деңгейі) түймелерін басқанда, дыбыс деңгейіне байланысты,
(қуат) индикаторы бір немесе үш рет жыпылықтайды.
Көбірек динамикалық дыбысты есту үшін
Торды шығару үшін, динамиктің төменгі жағындағы тұтқаны төмендегі суретте көрсетілгендей көрсеткінің бағытымен тартыңыз.*2

*2Динамиктің торын шығарғаннан кейін, бұрмалануды болдырмау үшін, динамиктің ашық бөлігін (динамиктің бөліктерін) ұстамаңыз және шығарылған торды тегіс бетте сақтаңыз.
Тұспал
- SongPal смартфоныңызға, iPhone және т.б. құрылғысына жүктеліп, орнатылғаннан кейін, оны динамиктің дыбыс деңгейін және т.б. реттеу үшін қашықтан басқару құрылғысы ретінде пайдалана аласыз.
Ескерту
- USB хабы немесе USB ұзартқыш кабелі пайдаланылса, Sony дұрыс жұмыс істеуіне кепілдік бермейді. Пайдалану кезінде компьютерді ажыратпаңыз. Деректердің зақымдалуын болдырмау үшін, ойнатуды тоқтатыңыз да, компьютерді ажыратпастан бұрын динамиктің қуатын өшіріңіз.
- Цифрлық тарату аудиосы компьютердің USB портынан шықпайды. Цифрлық тарату аудиосын тыңдау үшін, компьютердің аналогтық аудио шығысын динамиктің AUDIO IN ұясына қосыңыз.

