Батарея қуатын тексеру

Динамиктің батарея деңгейін смартфонда, iPhone құрылғысында және тағы басқа құрылғыда орнатылған SongPal бағдарламасын пайдалану арқылы тексере аласыз.

Бағдарламаның сипаттамасы мен дизайны ескертусіз өзгеруі мүмкін.

  1. Бағдарламаны іске қосу үшін, смартфоныңыздағы, iPhone және т.б. құрылғыдағы [SongPal] түртіңіз.

    SongPal

  2. [h.ear go (SRS-HG1)] түртіңіз.

  3. [Settings] түртіңіз.

  4. [Power Option] түртіңіз.
  5. Экрандағы [Battery Level] тексеріңіз.

    Динамиктің батарея деңгейі көрсетіледі.