Екі динамикті жалғау (динамикті қосу функциясы)

Динамик желіге қосылмағанның өзінде, h.ear go (SRS-HG1) құрылғысындағы динамикті қосу функциясымен стерео дыбысты кеңейтіп шығаруға болады.

Екі h.ear go (SRS-HG1) қажет.

Динамикті қосу функциясына дайындық
  • Динамиктің бағдарламалық құралы 4.00 не одан кейінгі нұсқалы болғанда, динамикті қосу функциясы қолжетімді болады. Егер динамикті қосу функциясы орнатылмаса, динамиктердің бағдарламалық құралы нұсқасында ең соңғы нұсқа болмауы мүмкін. Динамик бағдарламалық құралының нұсқасын SongPal бөлімінен қараңыз. Динамиктің бағдарламалық құралын жаңарту үшін «Алдын ала орнатылған бағдарламаны жаңарту» бөлімін қараңыз.
  1. Динамиктерді бір-бірінен 1 м не одан аз арақашықтықта қойып, оларды қосыңыз.

    (қуат) индикаторы жасыл түспен жанады.

  2. Әр динамикте BLUETOOTH индикаторы жыпылықтағанша, FUNCTION түймесін қайталап басыңыз.

    BLUETOOTH режимін қосқан кезде, динамик соңғы қосылған BLUETOOTH құрылғысымен BLUETOOTH байланысын орнатуға әрекеттенеді. Егер құрылғы жақын арада болса, BLUETOOTH байланысы автоматты түрде орнатылады және BLUETOOTH индикаторы жанған күйінде қалады. Басқа BLUETOOTH құрылғысын қосқыңыз келсе, ағымдағы BLUETOOTH байланысын қазір қосылған BLUETOOTH құрылғысын пайдалану арқылы тоқтатыңыз.

  3. Функцияны реттеуге кірісу туралы ескертетін дыбыстық белгі естілгенше, динамиктердің бірінің артындағы STEREO PAIR түймесін басып тұрыңыз.

    L/R индикаторлары бірнеше секунд жыпылықтайды да жанады.

  4. Қосуға кірісу туралы ескертетін дыбыстық белгі естілгенше, екінші динамиктің артындағы STEREO PAIR түймесін басып тұрыңыз.

    L/R индикаторлары бірнеше секунд жыпылықтайды да жанады.

    Байланыстың аяқталғанын хабарлау үшін әр динамикте дыбыстық белгі шығарады және динамикті қосу функциясымен екі динамик қосылады.

    Тұспал

    • Екінші динамикті 1 минуттың ішінде реттеңіз. Егер 1 минуттың ішінде реттемесеңіз, бірінші динамиктің параметрінен бас тартылады.
  5. BLUETOOTH құрылғысымен BLUETOOTH байланысын орнату үшін BLUETOOTH индикаторы жыпылықтаған динамикті пайдаланыңыз.

    BLUETOOTH байланысы орнатылған кезде, динамиктің BLUETOOTH индикаторлары жыпылықтайды да жанады.

  6. Динамикке қосылған құрылғыда ойнатуды бастап, дыбыс деңгейін реттеңіз.
  7. Дыбыс деңгейін реттеу үшін динамиктердің біріндегі /+ (дыбыс деңгейі) түймелерін басыңыз.

    Бір динамиктің дыбыс деңгейін реттеу басқасына әсер етеді.

Динамикті қосу функциясынан бас тарту/басқа функцияларды пайдалану

Динамикті қосу функциясы пайдаланылғанда, басқа функциялар (мысалы, Wireless Multi-room функциясы, Wireless Stereo функциясы, Wireless Surround функциясы) қолжетімді болмайды.

Функциядан бас тартпау туралы ескертетін дыбыстық белгілер естілгенше, динамиктердің бірінің артындағы STEREO PAIR түймесін басып тұрыңыз.

L/R индикаторлары өшеді де, динамикті қосу функциясынан бас тартылады. Содан кейін топтастырудан да бас тартылады.

Тұспал

  • Қоңырау шалған немесе қабылдаған кезде, BLUETOOTH индикаторы жанып тұрған динамикті ғана қолданыңыз.
  • Динамиктердің бірін қолдану арқылы екі динамиктің де қуатын өшіруге болады (Қуат қосылысы).
  • Динамик өшірілгеннің өзінде, динамикті қосу функциясы тоқтатылмайды. Динамик қосылған кезде, ол динамикті қосу функциясын жалғанған басқа динамикпен байланыстырмақ болады. Егер динамикті қосу функциясын пайдаланғыңыз келсе, басқа динамикті 1 минуттың ішінде қосыңыз.
  • Динамикті қосу функциясының динамиктерінің бірі болып қолданылған динамиктің өзін пайдаланғыңыз келсе, динамикті қосу үшін (қуат)/PAIRING түймесін басыңыз, сосын динамикті қосу функциясын тоқтату үшін дыбыс естілгенге дейін, STEREO PAIR түймесін басып тұрыңыз. Динамикті қосу функциясын тоқтату үшін екінші динамикте сол әрекетті орындаңыз.

Ескерту

  • Динамикті қосу функциясымен бейнелерді көруге кеңес берілмейді. Бейне мен дыбыстың арасында кішірігім ауытқу болады.
  • Динамикті қосу функциясы пайдаланылғанда, динамиктердің бағдарламалық құралды автоматты жаңарту мүмкіндігі іске қосылмайды. Бағдарламалық құралды жаңарту үшін динамикті қосу функциясынан бас тартып, динамикті сымсыз желіге қосыңыз.
  • Динамикті қосу функциясы пайдаланылғанда, динамикті желі байланысымен қолдану мүмкін емес. Желі байланысын пайдалану үшін динамикті қосу функциясынан бас тартыңыз.
  • Динамикті қосу функциясын орнатардан бұрын, динамиктің дыбыс деңгейі түймесін басу арқылы оның дыбыс деңгейін төмендетіп қойған жөн. Екі динамиктен динамикті қосу функциясы үшін дыбыс шығады, сонымен бір динамикпен ойнатуға қарағанда қаттырақ дыбыс шығуы мүмкін.
  • Егер Android 5.0 не одан кейінгі нұсқа орнатылған смартфонды пайдалансаңыз, SongPal арқылы динамикті қосу функциясын орнатуға болады. Ең соңғы нұсқасы бар SongPal бағдарламасын пайдаланыңыз. SongPal туралы қосымша мәліметтерді мына URL мекенжайынан қараңыз.
    http://info.songpal.sony.net/help/