Индикаторлар туралы
(қуат) индикаторы
| Жанады (жасыл) | Динамик іске қосылды. |
| Жанады (қызғылт-сары) | Динамик BLUETOOTH/Желі күту режимінде. BLUETOOTH/Желі күту режимі динамик USB айнымалы ток адаптері арқылы айнымалы ток розеткасына қосылғанда ғана орнатылады. Динамик тек ендірілген батарея арқылы ғана зарядталатын болса, BLUETOOTH/Желі күту режимі қолжетімді болмайды. |
| Жанады (қызыл) | Динамик күту режимінде. |
| Өшеді | Динамик қуат үнемдеу режимінде. |
| Жыпылықтайды (жасыл) | Динамикті қосқан кезде, индикатор ақырын жасыл түспен жыпылықтайды, содан кейін жасыл түспен жанады. |
| Динамикті өшірген кезде, индикатор ақырын жасыл түспен жанады, содан кейін қызғылт-сары немесе қызыл түспен жанады. Индикатор жыпылықтап тұрғанда динамик жұмыс істемейді. | |
| -/+ (дыбыс деңгейі) түймесін басқанда, индикатор дыбыс деңгейінің реттелуіне байланысты бір не үш рет жыпылықтайды. | |
| Жыпылықтайды (қызыл) | Динамик қорғау режимінде немесе бағдарламалық құралды жаңарту мүмкін болмады. «Қуат индикаторы қызыл түспен жыпылықтайды» бөлімін қараңыз. |
CHARGE индикаторы
| Өшеді | Динамикті зарядтау аяқталды. |
| Зарядтау кезінде динамик қосулы күйде болған да, индикатор өшеді. | |
| Жанады (қызғылт-сары) | Динамик зарядталуда. |
| Баяу жыпылықтайды (қызғылт-сары) | Ендірілген батарея қуаты азаюда. Динамикті зарядтаңыз. |
| Жыпылықтайды (қызғылт-сары) | micro-USB кабелін DC IN 5 V ұяшығына жалғаған кезде, индикатор үш рет жыпылықтайды. Динамик қосылған кезде, индикатор біртіндеп өшеді. |
| Өшірілген динамикпен қатар индикатор жыпылықтап тұрса, зарядталмағанды білдіреді. «CHARGE индикаторы жыпылықтайды» бөлімін қараңыз. |
LINK индикаторы
| Өшеді | Динамик желіге қосылмайды. |
| Жанады (қызғылт-сары) | Динамик Wi-Fi желісіне қосылады. |
| Жыпылықтайды (қызғылт-сары) | Динамик Wi-Fi желісіне қосылу процесінде. |
| Жыпылықтайды (қызыл) | Желі байланысы орнатылмады. |
| Жанады (қызыл) | Желі байланысы орнатылмады немесе желі параметрі орындалғанымен де, байланыс орнатылмады. |
AUDIO IN индикаторы*1
| Жанады (ақ) | Динамик AUDIO IN режимінде. |
USB индикаторы*1
| Жанады | Динамик USB режимінде. |
BLUETOOTH индикаторы*1*2*3*4
| Жанады (ақ) | Динамик BLUETOOTH құрылғысына қосылған. |
| Тез жыпылықтайды (ақ) | Динамик BLUETOOTH құрылғысымен жұптастырылады. |
| Жыпылықтайды (ақ) | Динамик қосылатын BLUETOOTH құрылғысын іздеуде. |
NETWORK индикаторы*1*2*4
| Жанады (ақ) | Динамик NETWORK режимінде. |
| Жанады (жасыл не ашық көк) | Динамик музыка қызметіне қосылады. |
UPDATE индикаторы*5
| Жанады (қызғылт-сары) | Динамик интернетке қосылғанда, бағдарлама жаңартуының қолжетімділігін анықтады. Индикатор жанған кезде, UPDATE түймесін 2 секунд басып тұрғаннан кейін, динамик дыбыс шығарған кезде, бағдарламалық құрал жаңартыла бастайды. |
| Жыпылықтайды (қызғылт-сары) | Динамик бағдарламаны жаңартуда. Жаңарту кезінде динамикті пайдалануға болмайды. |
| Бағдарлама жаңартылғаннан кейін динамик алғаш рет қосылған кезде, UPDATE түймесі сізді жаңартудың аяқталғаны туралы хабардар ету үшін үш рет жыпылықтайды. |
EXTRA BASS индикаторы
| Жанады | Бас дыбыстың әсерін тыңдауға болады. |
| Өшеді | Бас дыбыс әсерін қосылмаған. Бұл әдепкі ретінде орнатылады. |
/
индикаторлары
Wireless Surround функциясы, Wireless Stereo функциясы немесе динамикті қосу функциясы*6 қосылғанда, динамиктің күйіне байланысты жанады немесе жыпылықтайды.
*1Wi-Fi сигналының күшін (қабылдау сезімталдығы) тексерген кезде және Wi-Fi желісіне қосылған кезде, индикатор жанады.
*2Сымсыз функцияны қосқан/өшірген кезде, индикатор жыпылықтайды.
*3Динамиктің BLUETOOTH аудио ағынын ойнату сапасын қосқан кезде, индикатор жыпылықтайды.
*4Wi-Fi желісі функциясын және BLUETOOTH желі функциясын өшіргенде, бағдарламалық құрал жаңартылмаса, индикатор жанады.
*5Егер бағдарламалық құрал жаңартылмаса, индикатор жанады.
*6Динамиктің алдын ала орнатылған бағдарламалық құралын жаңарту кезінде қолжетімді

