Пайдалану кезінде дыбыс деңгейі төмендейді
- Динамикті пайдалану кезінде батарея заряды төмен болса, CHARGE индикаторы қызғылт сары түспен жыпылықтауы және дыбыс деңгейі төмендеуі мүмкін. Берілген USB айнымалы ток адаптерін қосыңыз немесе батарея толық зарядталғанша күтіңіз.
- Динамикті жоғары дыбыс деңгейінде ұзақ уақыт бойы пайдалансаңыз, ол электр розеткасына жалғанған болса да батарея заряды мен дыбыс деңгейі төмендеуі мүмкін. Бұл ақау емес. Мұндай жағдайда, динамикті өшіріңіз және батарея толық зарядталғанша күтіңіз.

