Смартфондағы, iPhone және тағы басқа құрылғыларда музыканы Wi-Fi желісі арқылы тыңдау

Смартфонда, iPhone құрылғысында және тағы басқа құрылғыда сақталған музыканы Wi-Fi желісі арқылы SongPal бағдарламасында тыңдай аласыз.

Бағдарламаның сипаттамасы мен дизайны ескертусіз өзгеруі мүмкін.

  1. Динамик пен смартфонды, iPhone және т.б. құрылғыны бір желіге қосыңыз.

    Динамикті, смартфонды, iPhone құрылғысын және тағы басқа құрылғыны сымсыз маршрутизатордың SSID бірдей желісіне қосыңыз.

    LINK индикаторы динамик желіңізге қосылғанда қызғылт сары түспен жанады.

  2. Бағдарламаны іске қосу үшін, смартфоныңыздағы, iPhone және т.б. құрылғыдағы [SongPal] түртіңіз.

    SongPal

  3. [h.ear go (SRS-HG1)] түртіңіз.

  4. [My Music] түртіңіз.

  5. Смартфондағы, iPhone құрылғысындағы және тағы басқа құрылғыдағы музыканы ойнатуды бастаңыз және дыбыс деңгейін реттеңіз.

    Музыка динамиктен естіледі.

Көбірек динамикалық дыбысты есту үшін

Торды шығару үшін, динамиктің төменгі жағындағы тұтқаны төмендегі суретте көрсетілгендей көрсеткінің бағытымен тартыңыз.*

*Динамиктің торын шығарғаннан кейін, бұрмалануды болдырмау үшін, динамиктің ашық бөлігін (динамиктің бөліктерін) ұстамаңыз және шығарылған торды тегіс бетте сақтаңыз.