Динамикті қосу

Динамик қосулы тұрғанда, (қуат)/ PAIRING түймесін және - (дыбыс деңгейі) түймесін бір уақытта төрт секундтан ұзағырақ басып тұрыңыз.

(қуат) индикаторы жасыл түспен жылдам екі секунд жыпылықтайды. Динамик параметрлері өздерінің зауыттық әдепкі параметрлеріне оралады және желі туралы ақпарат пен барлық BLUETOOTH құрылғы тіркеуі (жұптастыру) туралы ақпарат жойылады. Сонан соң динамик іске қосу режиміне автоматты түрде өтеді. Динамикті іске қосу үшін шамамен 15-30 секунд қажет. (қуат) индикаторы қызыл түспен жанғанда (күту режимі), динамикті іске қосуға болады.

Ескерту

  • Егер динамикті инициализацияласаңыз, ол iPhone/iPod touch немесе компьютермен BLUETOOTH байланысын орната алмауы мүмкін. Мұндай жағдайда, iPhone/iPod touch немесе компьютердегі динамиктің жұптастыру ақпаратын өшіріп, жұптастыру процедурасын қайта орындаңыз.