BLUETOOTH® құрылғыларымен жұптастыру және оларға жалғау
Екінші не одан кейінгі BLUETOOTH құрылғысын жұптастыру үшін әр құрылғы үшін мына жұптастыру процедурасын орындаңыз.
Динамикті пайдаланудан бұрын, мына әрекеттерді орындауды ұмытпаңыз:
-
BLUETOOTH құрылғысын динамиктен ең көбі 1 м қашықтықта орналастырыңыз.
-
Динамикті USB АТ адаптерімен (сатып алуға болады) АТ көзіне жалғаңыз немесе қосылған компьютерге жалғаңыз. Немесе кірістірілген батареяны жетерліктей зарядтаңыз.
-
BLUETOOTH құрылғысында ойнатуды тоқтатыңыз.
-
Динамиктен кенет қатты дыбыс шықпауы үшін BLUETOOTH құрылғысының және динамиктің дыбыс деңгейін төмендетіңіз. BLUETOOTH құрылғысына байланысты оның дыбыс деңгейін динамикпен синхрондауға болады.
-
Мәлімет алу үшін BLUETOOTH құрылғысының пайдалану нұсқауларын дайын ұстаңыз.
-
Динамикті қосыңыз.
Қуат/BLUETOOTH индикаторы көгілдір түспен жыпылықтайды.
-
Сатып алғаннан кейін динамикті алғаш рет қосқан кезде, қуат/BLUETOOTH индикаторы жылдам жыпылықтай бастайды да,
(қуат)/
PAIRING түймесін басқан кезде, динамик жұптастыру режиміне автоматты түрде кіреді.
-қадамға өтіңіз. -
Динамикті қосқан кезде, ол соңғы рет жалғанған BLUETOOTH құрылғысымен BLUETOOTH байланысын орнатуға тырысады. Құрылғы жақын жерде болса және оның BLUETOOTH функциясы қосылып тұрса, BLUETOOTH байланысы автоматты түрде орнатылып, қуат/BLUETOOTH индикаторы жанып тұрады. Мұндай жағдайда жалғанып тұрған BLUETOOTH құрылғысының BLUETOOTH функциясын немесе қуатын өшіріңіз.
-
-
(қуат)/
PAIRING түймесін сигналдар естіліп, қуат/BLUETOOTH индикаторы көгілдір түспен жылдам жыпылықтай бастағанша басып тұрыңыз.Динамик жұптастыру режиміне кіреді.
-
Динамикті анықтау үшін BLUETOOTH құрылғысында жұптастыру процедурасын орындаңыз.
BLUETOOTH құрылғысының дисплейінде анықталған құрылғылардың тізімі көрінген кезде, «SRS-XB01» құрылғысын таңдаңыз.
BLUETOOTH құрылғысының дисплейінде құпия кілт* сұралса, «0000» кодын енгізіңіз.
* Құпия кілт «құпия код», «PIN коды», «PIN нөмірі» немесе «құпия сөз» деп аталуы мүмкін.
-
BLUETOOTH құрылғысынан BLUETOOTH байланысын орнатыңыз.
BLUETOOTH байланысы орнатылған кезде, қуат/BLUETOOTH индикаторы жыпылықтау күйінен тұрақты күйге ауысады.
BLUETOOTH байланысы орнатылмаса,
-қадамнан қайта бастаңыз.
Тұспал
-
Динамикке BLUETOOTH байланысы арқылы жалғанған BLUETOOTH құрылғысында BLUETOOTH функциясы іске қосылғаннан кейін, BLUETOOTH құрылғысын динамикке жай ғана
(қуат)/
PAIRING түймесін басу арқылы жалғауға болады. -
BLUETOOTH құрылғысын пайдалану туралы мәлімет алу үшін BLUETOOTH құрылғысының пайдалану нұсқауларын қараңыз.
Ескерту
-
Динамиктің жұптастыру режимі шамамен 1 минуттан кейін босатылады да, қуат/BLUETOOTH индикаторы баяу жыпылықтайды. Дегенмен жұптастыру ақпараты динамикте сақталмаған кезде, мысалы зауыттық параметрлер орнатылғанда, жұптастыру режимі босатылмайды. Жұптастыру режимі процесс аяқталмай тұрып босатылса,
-қадамнан қайта бастаңыз. -
Осы динамиктің құпия кілті: «0000». BLUETOOTH құрылғысында «0000» кодынан басқа құпия кілт орнатылған болса, динамикпен жұптастыру мүмкін болмайды.
-
BLUETOOTH құрылғылары жұптастырылғаннан кейін, оларды мына жағдайлардан басқа жағдайларда қайтадан жұптастыру қажет емес:
-
Жөндеуден, т.б. жұмыстардан кейін жұптастыру ақпараты жойылған.
-
Динамик 8 құрылғымен жұптастырылып, тағы бір құрылғымен жұптастыруға әрекет жасалуда.
Динамикті ең көбі 8 құрылғымен жұптастыруға болады. 8 құрылғы жұптастырылғаннан кейін, жаңа құрылғы жұптастырылса, осы жаңа құрылғы ең алғаш болып жұптастырылған құрылғыны алмастырады.
-
Динамиктің жұптастыру ақпараты BLUETOOTH құрылғысынан жойылған.
-
Динамиктің бастапқы параметрлері орнатылған.
Барлық жұптастыру ақпараты жойылады. Динамиктің бастапқы параметрлерін орнатсаңыз, ол iPhone/iPod touch құрылғысына немесе компьютерге жалғанбауы мүмкін. Мұндай жағдайда iPhone/iPod touch құрылғысындағы немесе компьютердегі динамиктің жұптастыру ақпаратын өшіріп, жұптастыру процедурасын қайтадан орындаңыз.
-
-
Динамикті бірнеше құрылғымен жұптастыруға болады, бірақ музыка бір уақытта бір жұптастырылған құрылғыдан ғана ойнатылады.
-
Динамик пен BLUETOOTH құрылғысы BLUETOOTH байланысы арқылы жалғанып тұрғанда динамиктің AUDIO IN ұясына аудио кабель жалғанса, BLUETOOTH құрылғысынан шығатын дыбыс динамиктен шығарылмайды (хендс-фри функциясы қолжетімді болады). BLUETOOTH құрылғысынан музыка тыңдау үшін динамиктің AUDIO IN ұясынан аудио кабельді ағытыңыз.

