Тасымалы аудио құрылғыдағы, т.б. музыканы тыңдау

Тасымалы аудио құрылғыны, т.б. аудио кабельмен (сатып алуға болады) жалғау арқылы динамикті сыммен жалғанатын кәдімгі динамик жүйесі ретінде қолдануға болады.

  1. Құрылғыны AUDIO IN ұясына аудио кабельмен (сатып алуға болады) жалғаңыз.

    Жалғау үшін екі ұшында да стерео шағын ағытпалары (кедергісіз)* бар аудио кабельді қолданыңыз.

    * Кедергісі айтарлықтай аудио кабельді (стерео шағын ағытпалары бар) қолдансаңыз, дыбыс деңгейі төмен болуы мүмкін. Сондықтан кедергісіз аудио кабельді (стерео шағын ағытпалары бар) қолдану керек.

  2. Динамикті қосыңыз.

    Қуат/BLUETOOTH индикаторы көгілдір түспен баяу жыпылықтайды.

  3. Қосып, жалғанған құрылғыда ойнатуды бастаңыз.
  4. Жалғанған құрылғыда дыбыс деңгейін орташа деңгейге реттеңіз.
  5. Дыбыс деңгейін реттеу үшін –/+ (дыбыс деңгейі) түймелерін басыңыз.

    –/+ (дыбыс деңгейі) түймелері басылған кезде, қуат/BLUETOOTH индикаторы бір рет жыпылықтайды. Динамикте дыбыс деңгейін ең жоғары (31) немесе ең төмен деңгейге орнатқан кезде, қуат/BLUETOOTH индикаторы 3 рет жыпылықтайды.

Тұспал

  • Дыбыс естілмеген жағдайда жалғанған құрылғыда дыбыс деңгейін көтеріңіз.

  • Динамик пен мобильді телефон (смартфон/iPhone) арасында HFP/HSP арқылы орнатылғанBLUETOOTH байланысы белсенді болса, динамиктің AUDIO IN ұясына жалғанған тасымалы аудио құрылғыдағы музыканы тыңдап отырып, хендс-фри функциясын қолдануға болады.

Ескерту

  • AUDIO IN ұясына аудио кабель жалғасаңыз, AUDIO IN ұясына жалғанған құрылғының шығыс сигналы басым болып, BLUETOOTH құрылғысынан жіберілген дыбысты естімейсіз. Қуат/BLUETOOTH индикаторы көгілдір түспен жанып не жыпылықтап, BLUETOOTH күйін білдіреді. BLUETOOTH құрылғысынан дыбыс келмеуі динамиктің ақаулы екенінің белгісі емес.

  • AUDIO IN ұясына тасымалы аудио құрылғы жалғап, музыка ойнатқан кезде, кідірту, келесі әннің басына өту және ағымдағы әннің басына өту сияқты әрекеттерді орындау үшін динамиктегі түймелерді қолдану мүмкін болмайды.

  • Су шашырайтын жерде AUDIO IN ұясын қолданбаңыз.