RESET түймесін қолдану
Қосылғанына қарамастан динамикті қосу немесе басқару мүмкін болмаса, оң жақтағы қақпақты ашып, RESET түймесін түйреуішпен немесе басқа үшкір затпен басыңыз. Динамик бастапқы қалпына келіп, өшеді.
RESET түймесін басқаннан кейін, динамикті қосыңыз. Ол қосылмаса, ең жақын Sony сату орталығына хабарласыңыз.
Ескерту
- Қуат өшіп тұрғанда, динамикті бастапқы қалпына келтіру мүмкін емес.
- RESET түймесі басылған кезде, жұптастыру ақпараты өшпейді. Бұл процедура динамиктің бастапқы параметрлерін орнатуға ұқсамайды.
- Динамикті бастапқы қалпына келтіргеннен кейін, дыбыс деңгейі және функция параметрлері өзгеше болуы мүмкін.

