Мәселені шешу үшін қандай әрекеттерді қолдануға болады?
Динамик күткендей жұмыс істемесе, мәселені шешу үшін төмендегі қадамдарды орындап көріңіз.
- Мәселенің нышандарын осы Көмекші нұсқаулық бөлімінен іздеп, тізімде берілген ақаулықты жою шараларын қолданып көріңіз.
- Динамикті зарядтау.
Кейбір мәселелер кірістірілген батареяны зарядтау арқылы шешілуі мүмкін. - Динамиктің RESET түймесін басу.
Қосымша мәлімет алу үшін RESET түймесін қолдану бөлімін қараңыз. - Динамиктің бастапқы параметрлерін орнату.
Осы әрекет дыбыс деңгейі, т.б. сияқты параметрлердің әдепкі зауыттық мәндерін қалпына келтіріп, барлық жұптастыру ақпаратын өшіреді.
Қосымша мәлімет алу үшін Динамиктің бастапқы параметрлерін орнату бөлімін қараңыз. - Тұтынушыларды қолдау вебсайтынан мәселеге қатысты мәліметті іздеңіз.
- Динамик туралы қолдау мәліметін алу үшін мына қолдау беттеріне кіріңіз:
- АҚШ-тағы тұтынушылар:
http://esupport.sony.com/US - Канададағы тұтынушылар:
http://esupport.sony.com/CA/ - Еуропа елдеріндегі тұтынушылар:
http://www.sony.eu/support - Латын Америкасындағы тұтынушылар:
http://www.sony-latin.com/ - Басқа елдердегі/аймақтардағы тұтынушылар:
http://www.sony-asia.com/section/support
- АҚШ-тағы тұтынушылар:
Жоғарыдағы әрекеттер нәтиже бермесе, ең жақын Sony сату орталығына хабарласыңыз.

