Қуатты қосу

  1. (қуат)/PAIRING түймесін басыңыз.

    Қуат/BLUETOOTH индикаторы көгілдір түспен жыпылықтайды.

    Сатып алғаннан кейін динамикті алғаш рет қосқан кезде немесе динамикте ешқандай жұптастыру ақпараты сақталмаған болса, қуат/BLUETOOTH индикаторы көгілдір түспен жылдам жыпылықтай бастайды.

Ескерту

  • Динамикті қосқан кезде зарядтау индикаторы және қуат/BLUETOOTH индикаторы 3 рет жыпылықтап, өшсе, демек кірістірілген батарея заряды таусылған. Бұл күйде динамик автоматты түрде өшеді. Кірістірілген батареяны зарядтаңыз.

  • Зарядтау индикаторы баяу жыпылықтап тұрса, демек кірістірілген батарея заряды азайған және оны зарядтау қажет.