Индикаторлар туралы мәлімет

Зарядтау индикаторы (сарғылт)

Өшеді Динамик зарядталып болды.
Жанады Динамик зарядталуда.
Баяу жыпылықтайды Кірістірілген батареяның заряды 10%-дан аз, оны зарядтау қажет.
3 рет жыпылықтап, өшеді Динамикті қосқан кезде зарядтау индикаторы 3 рет жыпылықтап, өшсе, демек кірістірілген батарея заряды таусылған және оны зарядтау қажет.

Ескерту

  • Пайдаланылып жатқан динамикті ол USB АТ адаптерімен (сатып алуға болады) АТ розеткасына жалғанып тұрғанда немесе қосылған компьютерге жалғанып тұрғанда зарядтауға болады. Мұндай жағдайда пайдалану шарттарына байланысты кірістірілген батарея ұзағырақ зарядталуы мүмкін. Сондықтан зарядтаған кезде динамикті өшіріп қойған жөн.

  • Динамикті ұзақ уақыт жоғары дыбыс деңгейінде пайдаланған кезде, динамик тіпті USB АТ адаптерімен (сатып алуға болады) АТ розеткасына жалғанып тұрғанда немесе қосылған компьютерге жалғанып тұрғанда, кірістірілген батареяның заряды азаюы мүмкін. Соның салдарынан дыбыс деңгейі төмендейді. Бұл ақаулық емес. Динамикті өшіріп, кірістірілген батареяны жетерліктей зарядтаңыз.

  • Аса суық немесе ыстық жерде зарядтау қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тоқтайды. Зарядтауға көп уақыт кетсе, динамиктің зарядталуы да тоқтайды. Осы мәселелерді шешу үшін динамиктен micro-USB кабелін ағытып, 5–35 °C аралығындағы жұмыс температурасында оны қайта жалғаңыз.

Қуат/BLUETOOTH индикаторы (көгілдір)

Жанады Динамик BLUETOOTH құрылғысына жалғанып тұр.
Жылдам жыпылықтайды (секундына 3 рет) Динамик жұптастыру режиміне кіреді.
Баяу жыпылықтайды Динамик BLUETOOTH құрылғысына жалғануды күтіп тұр.
Бір рет жыпылықтайды -/+ (дыбыс деңгейі) түймесі басылған сайын индикатор бір рет жыпылықтайды.
3 рет жыпылықтайды -/+ (дыбыс деңгейі) түймесін қолданған кезде дыбыс деңгейі ең төмен не ең жоғары деңгейге орнатылған жағдайда, индикатор 3 рет жыпылықтайды.