Динамикті зарядтау
Динамикті USB АТ адаптерімен (сатып алуға болады) АТ розеткасына жалғау арқылы немесе кірістірілген батареямен қолдануға болады.
Зарядтау индикаторының жыпылықтап тұрғанын көрген кезде, батареяны зарядтаңыз. Батареяны индикатор жыпылықтай бастағаннан кейін зарядтау арқылы оны ұзағырақ қолдану мүмкін болады.
-
Динамикті зарядтау үшін оны АТ розеткасына немесе қосылған компьютерге жалғаңыз.
-
АТ розеткасынан зарядтаған кезде
micro-USB кабелін (бірге берілген) динамикке жалғап, екінші ұшын USB АТ адаптеріне (бірге берілмеген) жалғаңыз, одан кейін USB АТ адаптерін АТ розеткасына қосыңыз.
-
Қосылған компьютерден зарядтаған кезде
micro-USB кабелін (бірге берілген) динамикке жалғап, екінші ұшын қосылған компьютерге жалғаңыз.
Зарядтау аяқталған кезде, қақпақты төменде көрсетілгендей мықтап жабыңыз. Алдымен қақпақтың жоғарғы жағын енгізсеңіз, ол оңай жабылады.
Зарядталып жатқан кезде зарядтау индикаторы сарғылт түспен жанады. Зарядтау шамамен 3 сағатта* аяқталып, индикатор өшеді.
micro-USB кабелін (бірге берілген) динамиктегі DC IN 5V ұясына жалғаңыз, одан кейін екінші ұшын USB АТ адаптеріне жалғаңыз (сатып алуға болады). Содан кейін USB АТ адаптерін АТ розеткасына қосыңыз.
Динамик шығыс тогы 500 мА не одан көп USB АТ адаптерін (сатып алуға болады) қолдайды. Дегенмен USB стандартына сәйкес келетін бірге берілген micro-USB кабелін немесе micro-USB кабелін қолданған жөн. Басқа құрылғыдан зарядталатынына кепілдік берілмейді.
* Динамик өшкен кезде, бос батареяны толық зарядтауға кететін уақыт.
-
Зарядтаудың аяқталуын тексеру
Динамикті АТ розеткасына қосқан кезде кірістірілген батарея толығымен зарядталған болса, зарядтау индикаторы сарғылт түспен жанып, одан кейін шамамен 1 минуттан кейін өшеді.
Кірістірілген батареяның пайдалану мерзімі (BLUETOOTH байланысы қолданылған кезде)
-
Шамамен 6 сағат
Динамиктің дыбыс деңгейі 26-ға орнатылған кезде.
-
Шамамен 3 сағат
Динамиктің дыбыс деңгейі ең жоғары мәнге орнатылған кезде (31).
Жоғарыда көрсетілген кірістірілген батареяның пайдалану мерзімі белгіленген музыка көзін қолданып өлшенген.
Кірістірілген батареяның пайдалану мерзімі ойнатылатын мазмұнға, қоршаған орта температурасына және қолдану шарттарына қарай өзгереді.
Кірістірілген батареяның заряды азайған кезде
Зарядтау индикаторы сарғылт түспен баяу жыпылықтап тұрса, демек батарея заряды азайған және оны зарядтау қажет.
Тұспал
-
Динамикті қосылған компьютерге micro-USB кабелімен жалғау арқылы да зарядтауға болады. Дегенмен барлық компьютерлермен жұмыс істейтініне кепілдік берілмейді. Сондай-ақ үйде құрастырылған компьютерлерге жалғау әрекеттері кепілдікпен қамтылмайды.
-
Динамик USB АТ адаптерімен (сатып алуға болады) АТ розеткасына жалғанып тұрғанда немесе қосылған компьютерге жалғанып тұрғанда, тіпті динамик пайдаланылып жатса да, кірістірілген батареяны зарядтауға болады. Мұндай жағдайда динамик өшіп тұрғанда зарядтаумен салыстырғанда, пайдалану шарттарына байланысты кірістірілген батарея ұзағырақ зарядталуы мүмкін. Сондықтан зарядтаған кезде динамикті өшіріп қойған жөн.
Ескерту
-
Динамикті жоғары дыбыс деңгейінде пайдаланған кезде, динамик тіпті АТ розеткасына жалғанып тұрғанда, кірістірілген батареяның заряды азаюы мүмкін. Динамикті зарядталып жатқанда қолданғыңыз келсе, оның дыбыс деңгейін төмендетіңіз. Немесе динамикті өшіріп, кірістірілген батареяны жетерліктей зарядтаңыз.
-
Динамикті ұзақ уақыт жоғары дыбыс деңгейінде пайдаланған кезде, динамик тіпті АТ розеткасына жалғанып тұрғанда, кірістірілген батареяның заряды азаюы мүмкін. Соның салдарынан дыбыс деңгейі төмендейді. Бұл ақаулық емес. Динамикті өшіріп, кірістірілген батареяны жетерліктей зарядтаңыз.
-
Кірістірілген батареяның заряды азайған кезде, ең жоғары шығыс қуаты төменірек болады.
-
Аса суық немесе ыстық жерде зарядтау қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тоқтайды. Зарядтауға көп уақыт кетсе, динамиктің зарядталуы да тоқтайды. Осы мәселелерді шешу үшін micro-USB кабелін ағытып, 5–35 °C аралығындағы жұмыс температурасында оны қайта жалғаңыз.
-
Динамикке су шашырайтын жерде зарядтамаңыз.
-
Динамикті ұзақ уақыт пайдаланғыңыз келмегеннің өзінде, оның жұмыс өнімділігін сақтау үшін кірістірілген батареяны 6 ай сайын толық зарядтап отырыңыз.

