NFC үйлесімді құрылғыны бір рет түрту арқылы ажырату (NFC)

Динамикті смартфон немесе Walkman, т.б. сияқты қосылған NFC үйлесімді құрылғыдан динамикті онымен түрту арқылы ажырата аласыз.

  1. Құрылғыны динамиктің N белгісі бар бөлігімен түртіңіз.

Тұспал

  • Динамик құрылғыдан бір рет түрту арқылы ажыратылған соң, ешқандай әрекет орындалмаса және 15 минуттан ешқандай дыбыс енгізілмесе, динамик автоматты түрде өшіру функциясы арқылы өшеді.
  • Динамикті ажырата алмасаңыз, келесі әрекетті орындаңыз.
    • Құрылғыдағы бағдарламаны іске қосып, құрылғыны динамикті N белгісі бар бөлігінің үстімен ақырын жылжытыңыз.
    • Егер құрылғы қаптамада болса, қаптамасын шешіңіз.
    • Бағдарлама терезесінің құрылғыда көрсетіліп тұрғанына көз жеткізіңіз.
  • Динамикті қосу функциясын пайдаланған кезде, (BLUETOOTH) индикаторы жанып тұрған динамикке тигізіңіз. (BLUETOOTH) индикаторы өшіп тұрған динамикті түртсеңіз, құрылғы ажыратылмайды.