BLUETOOTH күту режимі функциясын пайдалану

BLUETOOTH күту режимінің функциясы қосылғанда, динамик автоматты түрде BLUETOOTH құрылғысын іске қосу арқылы қосылады және BLUETOOTH байланысын іске қосады.

Динамикті пайдаланудан бұрын келесілерді ескеріңіз:

  • BLUETOOTH күту режимінің функциясы динамик айнымалы ток розеткасына айнымалы ток адаптері арқылы қосылғанда ғана орнатылады. Динамик тек ішкі батарея арқылы ғана зарядталатын болса, BLUETOOTH күту режимінің функциясы қолжетімді болмайды.
  • Жұптастыру ақпараты динамикте сақталмаса, мысалы, динамикті сатып алғаннан кейін бірінші рет пайдаланған жағдайда, динамик BLUETOOTH күту режиміне қосылмайды.
  1. Динамикті айнымалы ток розеткасына қосыңыз.
  2. Динамикті іске қосыңыз.

    (қуат) индикаторы жасыл түспен жанады.

  3. (қуат) түймесін төрт секунд (қуат) индикаторының шамдары қызғылт-сары болып жанғанша басып тұрыңыз.

    Динамик өшеді де BLUETOOTH күту режиміне өтеді.

    Динамикке BLUETOOTH құрылғысынан кіргенде, динамик автоматты түрде қосылады және BLUETOOTH байланысын іске қосады.

BLUETOOTH күту режимі функциясын өшіру

Жоғарыдағы 1-2 қадамын қайта орындаңыз және (қуат) түймесін төрт секунд бойы (қуат) индикаторы өшкенше басып тұрыңыз. BLUETOOTH күту режимінің функциясы өшеді, сосын динамик өшеді.

Тұспал

  • BLUETOOTH күту функциясы қосулы кезде динамикті өшірсеңіз, (қуат) индикаторы қызғылт-сары болып жанады.