Құрылғыдағы музыканы BLUETOOTH байланысы арқылы тыңдау
Динамик төмендегі BLUETOOTH профильдерін қолдайтын болса, оны BLUETOOTH байланысын қолданып, құрылғының BLUETOOTH музыкасын тыңдауға болады.
- A2DP (Кеңейтілген дыбыс тарату профилі)
Жоғары сапалы дыбыс мазмұнын сымсыз тыңдауға мүмкіндік береді.
- AVRCP (Дыбысты және бейнені қашықтан басқару профилі)
BLUETOOTH құрылғысының дыбыс деңгейін реттеуге мүмкіндік береді.
Операциялар BLUETOOTH құрылғыға байланысты өзгешеленуі мүмкін. Сонымен қатар BLUETOOTH құрылғысымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.
Ескерту
- Кенет динамиктен дыбыс қатты шығып кетпеуі үшін, алдымен BLUETOOTH құрылғысының дыбыс деңгейі орташа деңгейге қойылғанына көз жеткізіңіз.
- Динамикті BLUETOOTH құрылғысымен қосыңыз.
(BLUETOOTH) индикаторы BLUETOOTH байланысы орнатылғанда ақ болып жанады.
- BLUETOOTH құрылғысында ойнатуды бастаңыз.
- Динамиктегі –/+ (дыбыс деңгейі) түймелерін басу немесе BLUETOOTH құрылғысын пайдалану арқылы дыбыс деңгейін реттеңіз.
Динамиктегі –/+ (дыбыс деңгейі) түймелерін басқан кезде немесе BLUETOOTH құрылғысындағы дыбыс деңгейін реттеген кезде,
(қуат) индикаторы жасыл болып бір рет жыпылықтайды.
Тұспал
- BLUETOOTH құрылғысына байланысты қосылған құрылғыдағы дыбыс деңгейін реттеп, дыбыс шығысын орнату қажет болуы мүмкін.
- Дыбыс деңгейін максималды немесе минималды деңгейге қойғанда,
(қуат) индикаторы үш рет жыпылықтайды. - BLUETOOTH құрылғысына байланысты динамиктің дыбыс деңгейі қосылған құрылғымен реттелмеуі мүмкін.
Ескерту
- Егер байланыс күйі нашар болса, BLUETOOTH құрылғысы динамиктегі әрекеттерге кері әсер етуі мүмкін.
- BLUETOOTH арқылы музыка тыңдап отырған кезде портативті аудио құрылғысын және т.б. құрылғыны динамиктің AUDIO IN ұясына жалғасаңыз, динамик AUDIO IN режиміне автоматты ауысады. Мұндай жағдайда BLUETOOTH құрылғысының музыкасы шықпайды (BLUETOOTH байланысы белсенді болса, автоматты функция қолжетімді болады). Музыканы BLUETOOTH құрылғысынан қайта тыңдау үшін аудио кабельді динамиктің AUDIO IN ұясынан ажыратыңыз.

