Музыканы екі динамикпен сымсыз байланыс арқылы тыңдау (динамикті қосу функциясы)

Екі SRS-XB3 динамигін BLUETOOTH арқылы жалғаған кезде дыбыс ойнату режимі ретінде стерео (стерео дыбыс) немесе қос режимін (монофондық дыбыс) таңдауға болады. Бұл функцияны пайдалану үшін екі SRS-XB3 динамигі қажет. Төмендегі екі ойнату әдісінен таңдаңыз:

Қос режим

Екі динамик те бір дыбысты ойнатады. Қос режим — бастапқы параметр.

Стерео режим

Динамиктер арасында стерео ойнату үшін бір динамик дыбысты оң жақтағы арнадан (оң жақ) ойнатса, екінші динамик дыбысты сол жақтағы арнадан (сол жақ) ойнатады.

Ескерту

  • Динамикті қосу функциясын реттемей тұрып, екі динамикті де өшіріңіз.
  1. Бірінші динамикті реттеңіз.
    1. Динамикті қосу үшін олардың біріндегі (қуат) түймесін басыңыз.

      (қуат) индикаторы жасыл түспен жанады.

      (BLUETOOTH) индикаторы ақ болып жыпылықтай бастайды.

    2. Динамиктен дыбыс шыққанша, ADD түймесін басып тұрыңыз.

      (BLUETOOTH) және L/R индикаторлары ақ болып жыпылықтайды. L/R индикаторлары жанып, (BLUETOOTH) индикаторлары жыпылықтап тұрған кезде, дыбыстық сигнал шығады.

  2. Екінші динамикті реттеңіз.
    1. Екінші динамикті қосу үшін ондағы (қуат) түймесін басыңыз.

      (қуат) индикаторы жасыл түспен жанады.

      Динамиктің (BLUETOOTH) индикаторы ақ болып жыпылықтай бастайды.

    2. Динамиктен дыбыс шыққанша, ADD түймесін басып тұрыңыз.

      (BLUETOOTH) және L/R индикаторлары ақ болып жыпылықтайды. (BLUETOOTH) индикаторы өшкенде, L/R индикаторлары жанады.

      Тұспал

      • Егер екі динамик BLUETOOTH арқылы жылдам байланысса, L/R индикаторлары (BLUETOOTH) индикаторы мен L/R индикаторларының жыпылықтауынсыз жанады.
      • Екінші динамикті бір минуттың ішінде реттеңіз. Егер бір минуттың ішінде реттемесеңіз, бірінші динамиктің параметрінен бас тартылады.
  3. BLUETOOTH құрылғысымен BLUETOOTH байланысын орнату үшін (BLUETOOTH) индикаторы жыпылықтаған динамикті пайдаланыңыз.

    Динамиктің (BLUETOOTH) индикаторы жыпылықтауын тоқтатып, жанып тұрған кезде, BLUETOOTH байланысы орнатылады.

  4. BLUETOOTH құрылғысында ойнатуды бастап, дыбысты орташа деңгейге қою үшін дыбыс деңгейін реттеңіз.
  5. Дыбыс деңгейін реттеу үшін динамиктердің біріндегі /+ (дыбыс деңгейі) түймелерін басыңыз.

    Бір динамиктің дыбыс деңгейін реттеу басқасына әсер етеді.

Тұспал

  • Қоңырау шалған немесе қабылдаған кезде (BLUETOOTH) индикаторы жанып тұрған динамик қана істейді.
  • Портативті дыбыс құрылғысы және т.б. құрылғы AUDIO IN ұясына жалғанса, динамик автоматты түрде AUDIO IN режиміне ауысып, динамикті қосу функциясы тоқтайды.
  • Егер BLUETOOTH тінтуірі немесе BLUETOOTH пернетақтасы сияқты BLUETOOTH құрылғысы (құрылғылары) динамикке қосылған BLUETOOTH құрылғысына қосылса, динамиктің шығысында бұрмаланған дыбыс не шу болуы мүмкін. Мұндай жағдайда BLUETOOTH құрылғысы мен басқа BLUETOOTH құрылғысы (құрылғылары) арасындағы BLUETOOTH байланысын тоқтатыңыз.
  • Қолданыстағы динамикті қосу функциясын тоқтату үшін дыбыстық белгі шыққанша, ADD түймесін басып тұрыңыз.
  • Соңғы уақытта динамикті қосу функциясы ретінде қолданылған динамик қосылған кезде, динамик қосылған басқа динамикпен динамикті қосу функциясын орнатуға әрекет жасайды. Екі SRS-XB3 динамигін динамикті қосу функциясы ретінде қайта пайдаланғыңыз келсе, басқа динамикті бір минут ішінде қосыңыз, әйтпесе динамик динамикті қосу функциясы ретінде автоматты байланысты тоқтатады.
  • Динамикті қосу функциясының динамиктерінің бірі ретінде қолданылған динамиктің өзін пайдаланғыңыз келсе, динамикті қосу үшін (қуат) түймесін басыңыз, сосын динамикті қосу функциясын тоқтату үшін дыбыс естілгенше ADD түймесін басып тұрыңыз, себебі динамик соңғы жасалған байланысты орнатуға әрекет жасайды.
  • Динамикті қосу функциясын пайдаланғанда, SBC кодегіне ауыстырыңыз.

Ескерту

  • Динамикті қосу функциясын пайдаланған кезде екі динамиктің бірін қалпына келтірсеңіз немесе бастапқы күйіне орнатсаңыз, басқа динамикті өшіргеніңізді тексеріңіз. Динамикті қосу функциясы қайта іске қосылмас бұрын басқа динамикті өшірмесеңіз, BLUETOOTH байланысын жасауда және дыбыс шығаруда қиындық болуы мүмкін.
  • BLUETOOTH байланысын бір рет түрту (NFC) арқылы жасағанда, (BLUETOOTH) индикаторы жанған динамикті тигізіңіз. Құрылғы (BLUETOOTH) индикаторы өшіп тұрған динамикпен BLUETOOTH байланысын орната алмайды.