Телефон қоңырауына арналған түйме функциялары

Қолжетімді функциялар сіздің BLUETOOTH мобильді телефоныңызға қолдау көрсетілетін профильге байланысты өзгеше болуы мүмкін. Профиль бірдей болса да, функциялары құрылғыға байланысты өзгеше болуы мүмкін.

BLUETOOTH мобильді телефоныңызбен бірге берілген пайдалану нұсқауларынан қараңыз.

Күту режимі

  • Дауыспен теруді іске қосу үшін (қоңырау) түймесін бір рет басыңыз (дауыспен теруге сәйкес келетін телефондар ғана).

  • Соңғы терілген телефон нөмірін қайта теру үшін (қоңырау) түймесін шамамен екі секунд басып тұрыңыз.

Шығыс қоңырау

  • Шығыс қоңыраудан бас тарту үшін (қоңырау) түймесін басыңыз.

  • Динамик пен мобильді телефон арасындағы қоңырау шалу құрылғысын өзгерту үшін (қоңырау) түймесін шамамен екі секунд басып тұрыңыз.

Кіріс қоңырау

  • Қоңырауға жауап беру үшін (қоңырау) түймесін басыңыз.

  • Қоңыраудан бас тарту үшін (қоңырау) түймесін шамамен екі секунд басып тұрыңыз.

Қоңырау кезінде

  • Қоңырауды аяқтау үшін (қоңырау) түймесін басыңыз.

  • Динамик пен мобильді телефон арасындағы қоңырау шалу құрылғысын өзгерту үшін (қоңырау) түймесін шамамен екі секунд басып тұрыңыз.

Ескерту

  • Смартфонға, планшет құрылғысына немесе орнатылған бағдарламаларға байланысты қайта теру функциясы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.