Динамикті BLUETOOTH құрылғысымен жұптастыру мүмкін емес
- Динамик пен BLUETOOTH құрылғысын бір-бірінен 1 м дейінгі қашықтықта қойыңыз.
- Динамикті қосу функциясын пайдалану үшін
(BLUETOOTH) индикаторы ақ болып жыпылықтап тұрған динамикпен жұптастырыңыз. - Егер
(BLUETOOTH) индикаторы ақ болып жылдам жанбаса,
(BLUETOOTH)
PAIRING түймесін сигнал естілгенше және
(BLUETOOTH) индикаторы ақ болып жылдам жанғанша басып тұрыңыз. - Динамикті айнымалы ток розеткасына қосыңыз немесе динамик батареясын толығымен зарядтаңыз.
- Динамик іске қосылғаннан кейін iPhone/iPad/iPod динамикке қосылмауы мүмкін. Осындай жағдайда iPhone/iPad/iPod құрылғысындағы жұптастыру ақпаратын өшіріп, қайта жұптастырып көріңіз.

