Индикаторлар туралы
CHARGE индикаторы (қызғылт-сары)
| Өшеді | Динамикті зарядтау аяқталды. |
| Жанады (қызғылт-сары) | Динамик зарядталуда. |
| Баяу жыпылықтайды (қызғылт-сары) | Кіріктірілген батарея қуаты аз және зарядтауды қажет етеді. Мұндай жағдайда динамик басқа құрылғыларды қуатпен қамтамасыз ете алмайды. |
| Үш рет жыпылықтап (қызғылт-сары) өшеді | Егер CHARGE индикаторы үш рет қызғылт-сары түспен жыпылықтаса және динамикті қосқанда өшіп қалса, батарея қуаты біткен және зарядтау қажет. |
Ескерту
- Тым суық немесе ыстық ортада қауіпсіздік үшін зарядтау тоқтайды. Зарядтауға көп уақыт кететін болса, бұл динамиктің зарядталуын тоқтатады. Осындай жағдайларда CHARGE индикаторы қызғылт-сары түсте жыпылықтай береді, бірақ бұл ақау емес. Бұл мәселелерді шешу үшін айнымалы ток адаптерін ажыратып, 5 °C және 35 °C арасындағы жұмыс температурасында қайта жалғаңыз.
(қуат) индикаторы
| Өшеді | Динамик өшіріледі. |
| Жанады (жасыл) | Динамик іске қосылды. |
| Жанады (қызғылт-сары) | Динамик BLUETOOTH күту режимінде тұр. |
| Бір рет жыпылықтайды (жасыл) | –/+ (дыбыс деңгейі) түймесін басқан сайын, индикатор бір рет жыпылықтайды. |
| Үш рет жыпылықтайды (жасыл) | Дыбыс деңгейі ең төмен немесе ең жоғары деңгейіне орнатылған. |
(BLUETOOTH)
PAIRING индикаторы (ақ)
| Жанады (ақ) | Динамик BLUETOOTH құрылғыға қосылған. |
| Тез жыпылықтайды (ақ) | Динамик жұптастыру режиміне өтеді. |
| Баяу жыпылықтайды (ақ) | Динамик қосылатын BLUETOOTH құрылғысын іздеуде. |
L индикаторы (ақ)
| Жыпылықтайды | Динамикті қосу функциясы режиміне динамик өтеді. |
| Жанады | Динамикті қосу функциясының стерео режимі қосылған кезде, динамик сол жақ динамик болып істейді. Динамикті қосу функциясының қос режимі қосылған кезде, динамик монофондық динамик болып істейді. |
R индикаторы (ақ)
| Жыпылықтайды | Динамикті қосу функциясы режиміне динамик өтеді. |
| Жанады | Динамикті қосу функциясының стерео режимі қосылған кезде, динамик оң жақ динамик болып істейді. Динамикті қосу функциясының қос режимі қосылған кезде, динамик монофондық динамик болып істейді. |
EXTRA BASS индикаторы (ақ)
| Жанады | Күшейтілген баспен (Sony ұсынған дыбыс сапасы) тыңдауға болады. Бұл режим әдепкі параметр ретінде орнатылды. |
| Өшеді | Төмендетілген баспен табиғи дыбысты тыңдауға болады. Бұл режим бөлменің ішінде төмен дыбыспен тыңдағанда ұсынылады. |

