Динамик шығысындағы бұрмаланған дыбыс/быжылдау немесе шу
- Қосылған құрылғының дыбыс деңгейін азайтыңыз.
- Егер қосылған құрылғының біркелкілеу функциясы болса, оны өшіріңіз.
- Динамикті микротолқынды пештен, Wi-Fi желісінен т.б. алшақ жерде сақтаңыз.
- Динамик пен BLUETOOTH құрылғысын бір-біріне жақын ұстаңыз. Динамик пен BLUETOOTH құрылғысы арасындағы кедергілерді алып тастаңыз.
- HFP немесе HSP орнатылғанда, BLUETOOTH құрылғысын басқару арқылы BLUETOOTH байланысын A2DP түріне ауыстырыңыз.
- CHARGE индикаторы қызғылт-сары түспен жыпылықтайтын болса, динамикті зарядтаңыз.
- Кіріктірілген радиосы немесе тюнері бар құрылғы динамикке BLUETOOTH арқылы қосылмайды, себебі хабар тарату кезінде шу болуы мүмкін.
- Динамикті теледидардан, радиодан немесе тюнерден және т.б. құрылғыдан алыс қойыңыз, өйткені хабар тарату кезінде шу болуы мүмкін.
- Динамикті қосу функциясын пайдаланған кезде BLUETOOTH тінтуірі немесе BLUETOOTH пернетақтасы секілді басқа BLUETOOTH құрылғысы (құрылғылары) BLUETOOTH құрылғысына қосылса, олардың арасындағы байланысты тоқтатыңыз.
- Сымсыз ойнату сапасы өзгерген BLUETOOTH құрылғылары бар. Құрылғыңыз осы функциямен үйлесімді болса, дыбыс сапасында тұрақты байланыс орнататын параметрді таңдаңыз. Мәліметтер алу үшін құрылғымен бірге келген пайдалану нұсқауларын қараңыз.
- Динамиктің сымсыз ойнату сапасы үшін «Тұрақты байланыс артықшылығы» параметрін таңдаңыз.

