Индикаторлар туралы
CHARGE индикаторы (қызғылт-сары)
| Өшеді | Динамик зарядтауды аяқтады. |
| Жанады | Динамик зарядталуда. |
| Баяу жыпылықтайды | Кірістірілген батарея 10%-дан азырақ зарядпен жұмыс істеуде және оны зарядтау керек. Мұндай жағдайда динамик басқа құрылғыларды қуатпен қамтамасыз ете алмайды. |
| 3 рет жыпылықтап өшеді | Егер CHARGE индикаторы 3 рет жыпылықтаса және динамикті қосқанда өшіп қалса, кірістірілген батарея заряды біткен және зарядтау қажет. |
Ескерту
- Айнымалы ток розеткасына USB айнымалы ток адаптері (сатылады) қосылған болса немесе жүктелген компьютерге қосылған болса, пайдаланылып жатқан динамикті зарядтауға болады. Мұндай жағдайда пайдалану жағдайларына байланысты кірістірілген батарея ұзағырақ зарядталуы мүмкін. Сондықтан зарядтау кезінде динамикті өшіріп қойған жөн.
- Динамикті жоғары дыбыс деңгейінде ұзақ уақыт пайдаланған кезде, тіпті динамик айнымалы ток розеткасына USB айнымалы ток адаптері (сатылады) арқылы жалғанған болса да немесе жүктелген компьютерге жалғанған болса да, кірістірілген батарея қуаты төмендеуі мүмкін. Соның салдарынан дыбыс деңгейі төмендейді. Бұл ақау емес. Динамикті өшіріп, кірістірілген батареяны жеткілікті зарядтаңыз.
- Тым суық немесе ыстық ортада қауіпсіздік үшін зарядтау тоқтайды. Зарядтауға көп уақыт кететін болса, бұл динамиктің зарядталуын тоқтатады. Бұл мәселелерді шешу үшін micro-USB кабелін динамиктен ажыратып, оны 5°C және 35°C арасындағы жұмыс температурасында жалғаңыз.
(қуат) индикаторы
| Өшеді | Динамик өшіріледі. |
| Жанады (жасыл) | Динамик іске қосылды. STANDARD режимі орнатылды. (EXTRA BASS және LIVE SOUND режимдерін орнатылмаған). |
| Жанады (ақ) | Динамик іске қосылды. EXTRA BASS режимі немесе LIVE SOUND режимі орнатылған. Сатып алғаныңызда EXTRA BASS орнатылған болады. |
| Жанады (қызғылт-сары) | Динамик өшіріледі. Динамик BLUETOOTH күту режиміне орнатылған. |
| Жыпылықтайды (жасыл, ақ, қызыл немесе сарғылт) | –/+ (дыбыс деңгейі) түймелерін басқан сайын индикатор бір рет жыпылықтайды. |
| –/+ (дыбыс деңгейі) түймелерін қолданған кезде және дыбыс деңгейі ең төменгі (0) не ең жоғарғы (50) деңгейге орнатылғанда индикатор 3 рет жыпылықтайды. | |
| Бағдарламалық құралды жаңартудың орындалу барысына байланысты индикатор жасыл түспен жыпылықтайтын күй өзгереді. Әр жаңарту кезінде индикатор 5 рет, содан кейін 4 рет, 3 рет, екі рет, бір рет жасыл түспен жыпылықтайды және өшеді*. | |
| Динамик бағдарламалық құралды жаңартудан кейін бірінші рет қосылса, индикатор жаңарту аяқталғаны туралы хабарлау үшін жасыл немесе ақ түспен 3 рет жыпылықтайды. | |
| Бағдарламалық құрады жаңарту қатемен аяқталса, индикатор қызыл немесе сарғылт түспен жыпылықтайды. | |
| Кірістірілген батарея 10%-тан азырақ зарядпен жұмыс істеп жатса, индикатор жасыл немесе ақ түспен баяу жыпылықтайды. Мұндай жағдайда динамик басқа құрылғыларды қуатпен қамтамасыз ете алмайды. | |
| Индикатор 3 рет жасыл немесе ақ түспен жыпылықтаса және динамикті қосқаннан кейін өшесе, кірістірілген батареяның заряду таусылған. Динамикті зарядтаңыз. |
* Жағдайға байланысты сіз кейбір жыпылықтау үлгілерін көрмеуіңіз мүмкін.
(BLUETOOTH) индикаторы
| Жанады | Динамик BLUETOOTH құрылғысына қосылған. |
| Жылдам (секундына 3 рет) жыпылықтайды | Динамик жұптастыру режиміне өтеді. |
| Баяу жыпылықтайды | Динамик қосылатын BLUETOOTH құрылғысын күтуде. |
| 3 рет жыпылықтайды | Бағдарламалық құралды жаңарту аяқталды. |
ADD индикаторлары
| Жыпылықтайды | Динамикті Динамикті қосу функциясына кіреді. Динамикті қосу функциясымен байланыс орнату сәтсіз аяқталса, ADD (Динамикті қосу) индикаторы жыпылықтайды. |
| Жанады | Динамикте Динамикті қосу функциясы пайдаланылуда. |
WPC (сымсыз Party Chain) индикаторы
| Жыпылықтайды | Динамик сымсыз Party Chain функциясына өтеді. |
| Жанады | Динамикте сымсыз Party Chain пайдаланылуда. Сымсыз Party Chain функциясы арқылы қосылған барлық динамиктердің индикаторлары жанады. |

