Сақтық шаралар
Ұялы телефонмен пайдалану кезінде назар аударыңыз
- Дыбысты BLUETOOTH байланысы арқылы тасымалдауда телефон қоңырауына жауап беру кезіндегі ұялы телефоныңыздың жұмыс жасауына қатысты мәліметтер алу үшін ұялы телефонмен бірге келген пайдалану нұсқауларын қараңыз.
Қауіпсіздік техникасы бойынша
- Динамикпен бірге берілген анықтамалық нұсқаулықты қараңыз.
micro-USB кабельдері туралы
- Жинақта берілген micro-USB кабелін пайдаланыңыз.
- Сатылымдағы micro-USB кабелін пайдаланғанда USB стандартына сай кабельді пайдаланыңыз.
USB A үлгісіндегі штепсель: компьютерге немесе USB айнымалы ток адаптеріне жалғанады
USB Micro-B штепселі: динамикке жалғанады
Орнату бойынша
- Динамикті қисайтып орнатпаңыз.
- Динамикті қызу көздерінің жанында немесе күннің жарығы тура түсетін, шаң көп қонуы не механикалық соғылуы мүмкін жерлерде қалдырмаңыз.
- Динамикті көлікте пайдаланбаңыз немесе қалдырмаңыз.
- Динамикті моншада пайдаланбаңыз.
Жұмыс жасау бойынша
- Кез келген кішкентай заттарды, т.б. ұяға не динамиктің артқы жағындағы вентиляция саңылауына салмаңыз. Динамик тұйықталуы немесе жұмыс істемеуі мүмкін.
- Жарық күшті болған кезде, бөлмені жарықтандырыңыз немесе жарықты өшіріңіз.
Party күшейткіші функциясы туралы
Динамик адамға немесе затқа соғылса, оның апатқа, жарақаттануға немесе дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін. Party күшейткіші функциясын пайдаланғанда мыналарды ескеріңіз.
- Динамикті пайдаланғанда кабельдерді ажыратыңыз және қақпақты жабыңыз.
- Адаптер қосулы болғанда пайдаланбаңыз.
- Бұл функцияны пайдаланғанда динамикті лақтырып жібермеу немесе қолдан түсіріп алмау үшін қатты ұстаңыз және динамикті қатты сілкімеңіз.

- Бұл функцияны пайдалану алдында динамиктің айналасында жеткілікті кеңістік бар екенін тексеріңіз.
- Динамикті құралмен ұрмаңыз.
- Көлік жүргізу немесе жүру кезінде бұл функцияны пайдаланбаңыз.
- Пайдалану кезінде беттен және көзден 20 см немесе одан көбірек аралықты сақтаңыз.
- Бұл функцияны ұзақ уақыт бойы пайдаланбаңыз. Жүйелі түрде үзілістер жасап тұрыңыз.
- Бұл функцияны пайдалану кезінде шаршасаңыз, ыңғайсыздық сезінсеңіз немесе денеңіздің бір жерінде ауыруды сезсеңіз, функцияны пайдалануды бірден тоқтатыңыз.
Басқалар
- Осы көмекші нұсқаулықта қамтылмаған динамикке қатысты қандай да бір сұрақтар немесе ақаулар болса, ең жақын жердегі Sony дилеріңізге хабарласыңыз.

