Музыканы екі динамикпен сымсыз байланыс арқылы тыңдау (динамикті қосу функциясы)

Динамикті қосу функциясын пайдалану үшін екі SRS-XB31 динамигі қажет. BLUETOOTH байланысы арқылы екі динамикті қосу арқылы қуаттырақ дыбысты пайдалануға болады.

Төмендегі екі ойнату әдісінен таңдаңыз:

Қос режим

Екі динамик те бір дыбысты ойнатады. Қос режим — бастапқы параметр.

Стерео режим

Динамиктер арасында стерео ойнату үшін бір динамик дыбысты оң жақтағы арнадан (оң жақ) ойнатса, екінші динамик дыбысты сол жақтағы арнадан (сол жақ) ойнатады.

  1. 2 динамикті бір бірінен 1 м алшақ орналастырыңыз, содан кейін динамиктердің екеуін де қосыңыз.

    (қуат) индикаторы жанады.

    Бұрын қосылған BLUETOOTH құрылғысы маңайда болса, динамик құрылғыға автоматты түрде қосылуы мүмкін, содан кейін (BLUETOOTH) индикаторы жануы мүмкін. Мұндай жағдайда BLUETOOTH құрылғысындағы BLUETOOTH функциясын өшіріңіз немесе BLUETOOTH құрылғысын өшіріңіз.

  2. Екі динамиктің біреуінің артқы жағындағы қақпақ ішіндегі ADD (Динамикті қосу) түймесін басыңыз.

    Дыбыстық сигнал естіліп, (BLUETOOTH) индикаторы және ADD (Динамикті қосу) индикаторы жыпылықтайды. Шамамен 3 – 5 секундтан кейін дыбыстық сигнал естіледі және ADD (Динамикті қосу) индикаторы жанған күйде қалады.

  3. Екінші динамиктің артқы жағындағы қақпақ ішіндегі ADD (Динамикті қосу) түймесін басыңыз.

    ADD (Динамикті қосу) индикаторы жанады.

    Әрбір динамиктен «Double mode» (Қос режим) дауыстық нұсқауы шығады, содан кейін екі динамик Динамикті қосу функциясы арқылы қосылады.

    Тұспал

    • 2 динамик BLUETOOTH байланысын тез орнатса, (BLUETOOTH) индикаторы және ADD (Динамикті қосу) индикаторы жыпылықтамастан жанған күйде қалуы мүмкін.
    • Екінші динамикті 1 минуттың ішінде реттеңіз. Егер 1 минуттың ішінде реттемесеңіз, бірінші динамиктің параметрінен бас тартылады.
  4. BLUETOOTH құрылғысымен BLUETOOTH байланысын орнату үшін (BLUETOOTH) индикаторы жыпылықтаған динамикті пайдаланыңыз.

    Динамиктің (BLUETOOTH) индикаторы жыпылықтауын тоқтатып жанып тұрған кезде, BLUETOOTH байланысы орнатылады.

  5. BLUETOOTH құрылғысында ойнатуды бастап, дыбысты орташа деңгейге қою үшін дыбыс деңгейін реттеңіз.
  6. Дыбыс деңгейін реттеу үшін динамиктердің біріндегі /+ (дыбыс деңгейі) түймелерін басыңыз.

    Бір динамиктің дыбыс деңгейін реттеу екіншісіне әсер етеді.

Тұспал

  • Қоңырау шалған немесе қабылдаған кезде, (BLUETOOTH) индикаторы жанып тұрған динамикті ғана қолданыңыз.
  • Егер BLUETOOTH тінтуірі немесе BLUETOOTH пернетақтасы сияқты BLUETOOTH құрылғысы (құрылғылары) динамикке қосылған BLUETOOTH құрылғысына қосылса, динамиктің шығысында бұрмаланған дыбыс не шуыл болуы мүмкін. Мұндай жағдайда BLUETOOTH құрылғысы мен басқа BLUETOOTH құрылғысы (құрылғылары) арасындағы BLUETOOTH байланысын тоқтатыңыз.
  • Динамикті қосу функциясын пайдаланғанда, кодек SBC кодегіне автоматты түрде ауысады.
  • Сондай-ақ Динамикті қосу функциясын «Sony | Music Center» тармағында пайдалануға болады.

Ескерту

  • Динамикті қосу функциясын пайдаланған кезде екі динамиктің бірін қалпына келтірсеңіз немесе бастапқы күйіне орнатсаңыз, басқа динамикті өшіргеніңізді тексеріңіз. Динамикті қосу функциясы қайта іске қосылмас бұрын басқа динамикті өшірмесеңіз, BLUETOOTH байланысын жасауда және дыбыс шығаруда қиындық болуы мүмкін.
  • Бір рет түрту (NFC) арқылы BLUETOOTH байланысын орнатқанда, (BLUETOOTH) индикаторы жыпылықтаған динамикті түртіңіз. Құрылғы (BLUETOOTH) индикаторы өшіп тұрған динамикпен BLUETOOTH байланысын орната алмайды.
  • Портативті дыбыс құрылғысы және т.б. құрылғы динамиктің AUDIO IN ұясына жалғанса, динамик автоматты түрде AUDIO IN режиміне ауысып, динамикті қосу функциясы тоқтайды.
  • Динамикті қосу функциясын пайдаланып фильмдерді көргенде бейне мен аудио арасында кідіріс болуы мүмкін.