BLUETOOTH сымсыз технологиясы туралы

BLUETOOTH сымсыз технологиясы шамамен 30 м ауқымда жұмыс істейді.

Максималды байланыс ауқымы

Максималды байланыс ауқымы келесі жағдайларда қысқаруы мүмкін.

  • Адам, металл не динамик пен BLUETOOTH құрылғы арасындағы тосқауыл сияқты кедергі болуы мүмкін.
  • Сымсыз LAN құрылғысы динамик жанында пайдаланылады.
  • Микротолқынды пеш динамик жанында пайдаланылады.
  • Электр магнитті радиация жіберетін құрылғы динамик жанында пайдаланылады.

Басқа құрылғылардан келетін кедергі

BLUETOOTH құрылғылары мен сымсыз LAN (IEEE802.11b/g) бірдей жиілікті пайдаланатындықтан, микротолқынды кедергі орын алып, байланыс жылдамдығының нашарлауына, шудың пайда болуына немесе динамик сымсыз LAN құрылғысы жанында пайдаланылған жағдайда жарамсыз байланысқа әкеліп соғуы мүмкін. Осындай жағдайда келесі әрекетті орындаңыз.

  • Динамикті сымсыз LAN құрылғысынан кемінде 10 м қашықтықта пайдаланыңыз.
  • Егер динамик сымсыз LAN құрылғысынан 10 м қашықтықта пайдаланылса, сымсыз LAN құрылғысын өшіріңіз.

Басқа құрылғыларға әсер ететін кедергі

BLUETOOTH құрылғыдан шығатын микротолқындар электронды медициналық құрылғылардың жұмысына кері әсерін тигізуі мүмкін. Оқыс жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкін болғандықтан, келесі орындардағы динамик пен BLUETOOTH құрылғыларды өшіріңіз.

  • Жанғыш газ бар жерде, ауруханада, пойызда, ұшақта немесе газ станциясында
  • Автоматты есіктердің немесе өрт дабылдамасының жанында

Ескерту

  • BLUETOOTH функциясын пайдалануға мүмкіндік болуы үшін, жалғанатын BLUETOOTH құрылғысына динамиктегідей профиль қажет болады. Сонымен бірге сондай профиль болғанның өзінде, құрылғылардың функциясы сипаттамаларға қарай өзгеруі мүмкін екенін ескеріңіз.
  • BLUETOOTH сымсыз технология сипаттарына байланысты динамикте ойнатылатын дыбыс телефонмен сөйлесу не музыка тыңдау кезіндегі BLUETOOTH құрылғысында ойнатылатын дыбыстан баяу.
  • Бұл динамик BLUETOOTH стандартына сай келетін қауіпсіздік мүмкіндіктерін BLUETOOTH сымсыз технология пайдаланылғанда қауіпсіз байланыс орнатуды қамтамасыз етуі мүмкін, алайда қауіпсіздік техникасы параметріне байланысты жеткіліксіз болуы мүмкін. BLUETOOTH сымсыз технология арқылы байланысу кезінде абай болыңыз.
  • BLUETOOTH байланысуы кезінде ақпараттың тарап кетуіне жауап бермейміз.
  • BLUETOOTH функциясы бар құрылғы Bluetooth SIG, Inc. бойынша көрсетілген BLUETOOTH стандартына сай болуы және аутентификация үшін қажет. Тіпті қосылған құрылғы жоғарыда айтылған BLUETOOTH стандартқа сай болса да, кейбір құрылғылар өзінің мүмкіндіктері немесе сипаттамаларына байланысты қосылмауы не дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
  • Динамикке қосылған BLUETOOTH құрылғысының, байланыс ортасының не қолданыс ортасының жағдайына қарай, шуыл немесе дыбыс үзілісі орын алуы мүмкін.
  • Кірістірілген радиосы немесе тюнері бар құрылғы динамикке BLUETOOTH арқылы қосылмайды, себебі хабар тарату кезінде шуыл болуы мүмкін.
  • Динамикті теледидардан, радиодан немесе тюнерден және т.б. құрылғыдан алыс қойыңыз, өйткені хабар тарату кезінде шу болуы мүмкін.