Ақауды жою үшін не істеуге болады?
Егер динамик күткендегідей жұмыс істемесе, ақауды жою үшін келесі қадамдарды орындаңыз.
- Осы ақау белгілерін көмекші нұсқаулықтан тауып, тізімде берілген кез келген түзету әрекеттерін орындап көріңіз.
- Динамикті зарядтаңыз.
Кірістірілген батареяны зарядтау арқылы кейбір ақауларды жоюға болады. - Динамиктің RESET түймесін басыңыз.
- Динамикті инициализациялаңыз.
Бұл әрекет дыбыс деңгейі, т.б. сияқты параметрлерді зауыттық әдепкі параметрлерге қалпына келтіреді және жұптастыру туралы бүкіл ақпаратты жояды. - Тұтынушыға қолдау көрсету веб-сайтындағы ақауға байланысты ақпаратты қараңыз.
- Динамикке қатысты қолдау көрсету ақпаратын алу үшін төмендегі қолдау көрсету басты беттеріне кіріңіз:
- АҚШ-тағы тұтынушылар үшін:
http://esupport.sony.com/US - Канададағы тұтынушылар үшін:
http://esupport.sony.com/CA/ - Еуропа елдеріндегі тұтынушылар үшін:
http://www.sony.eu/support - Латын Америкасындағы тұтынушылар үшін:
http://www.sony-latin.com/ - Басқа аймақтардағы/елдердегі тұтынушылар үшін:
http://www.sony-asia.com/section/support
- АҚШ-тағы тұтынушылар үшін:
Жоғарыда айтылған операциялар жұмыс істемесе, жақын арадағы Sony дилеріңізбен хабарласыңыз.

