Алдын ала орнатылған бағдарламаны жаңарту

Бағдарламалық құралдың жаңа нұсқасы шыққанда динамиктің алдын ала орнатылған бағдарламалық құралын келесі әдістің біреуі арқылы жаңартуға болады.

Бағдарламаны жаңарту арқылы ыңғайлы әрі тұрақты пайдалану тәжірибесін ұсынатын жаңа мүмкіндіктер қосылады.

  1. Динамикті USB айнымалы ток адаптері (сатылады) арқылы айнымалы ток розеткасына қосыңыз, я болмаса оны жүктелген компьютерге қосыңыз.

    Кірістірілген батареяны пайдаланып бағдарламалық құралды жаңартуларды орындау мүмкін емес. Зарядтауды аяқтаудан кейін бағдарламалық құралды жаңартыңыз.

  2. Динамикті іске қосыңыз.

    (қуат) индикаторы ақ болып жанады*.

    * Дыбыс режиміне байланысты (қуат) индикаторының түсі өзгеріп отырады. Мәліметтер алу үшін келесі тақырыпты қараңыз.
    Индикаторлар туралы

  3. Бағдарламаны іске қосу үшін смартфоныңыздағы, iPhone және т.б. құрылғыдағы [Music Center] түймесін түртіңіз.

    Music Center

  4. [SRS-XB31] опциясын түртіңіз.

    Бағдарламалық құралдың жаңа нұсқасы шыққанда «Sony | Music Center» экранында жаңарту туралы ескерту көрсетіледі.

  5. Жаңарту үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

    Әрбір жаңарту кезінде (қуат) индикаторы 5 рет, содан кейін 4 рет, 3 рет, екі рет, бір рет жасыл түспен жыпылықтайды, содан кейін өшеді. Жағдайға байланычсты кейбір жыпылықтау үлгілерін көрмеуіңіз мүмкін.

    Бағдарламалық құралды жаңартудан кейін динамик бірінші рет қосылғанда сізге жаңарту аяқталғанын хабарлау үшін (қуат) және индикаторлары 3 рет жыпылықтайды.