Party күшейткіші функциясын пайдалану

Party күшейткіші функциясы қосулы болса, музыка ойнатылып жатқанда динамикті қойып қалсаңыз, динамик дыбыстық әсерді шығарады. Сондай-ақ динамиктің жарықтамасы жарқырап жанады*1 және кештің атмосферасын қызығырақ етеді.

Дыбыстық әсерлердің бірнеше түрі бар. Оларды «Sony | Music Center» қолданбасы арқылы оңай орнатуға немесе өзгертуге болады.

*1 Тіпті жарықтандыру функциясы өшсе де, динамикті түртіп қалғанда жарықтама жарқырап жанып тұрады.


Party күшейткіші функциясын қосудың немесе өшірудің 3 жолы бар.

Динамик түймелерін пайдаланыңыз.

Қолданбаны пайдалана отырып орнатыңыз.

Динамиктің корпусын түртіңіз.

  1. Динамикті іске қосыңыз.
  2. Party күшейткіші функциясын қосу үшін келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз.

    Динамик түймелерін пайдаланыңыз.

    (дыбыс деңгейі) түймесін және динамиктің + (дыбыс деңгейі) түймесін 3 секундтан көбірек бір уақытта басып тұрыңыз.
    Party күшейткіші функциясы қосылғанда (қуат) индикаторы 3 рет жыпылықтайды.
    Кірістірілген батарея зарядының деңгейі төмен болса және (қуат) индикаторы жыпылықтап тұрса, жыпылықтар саны басқаша болуы мүмкін.


    Қолданбаны пайдалана отырып орнатыңыз.

    Party күшейткіші функциясын «Sony | Music Center» арқылы орнату.

    1. Бағдарламаны іске қосу үшін смартфоныңыздағы, iPhone және т.б. құрылғыдағы [Music Center] түймесін түртіңіз.

      Music Center

    2. [SRS-XB31] түймесін түртіңіз.
    3. [Settings] – [Party Booster] – [Tap Settings] – [OFF] тармағын түртіңіз, содан кейін Party күшейткіші функциясының режимін таңдаңыз.
      • Drum Kit
      • Percussion
      • Custom


    Динамиктің корпусын түртіңіз.

    Динамиктің артқы жағындағы қақпақтың төменгі сол жағын екі рет тез түртіңіз.
    Party күшейткіші функциясы қосылғанда (қуат) индикаторы 3 рет жыпылықтайды.
    Кірістірілген батарея зарядының деңгейі төмен болса және (қуат) индикаторы жыпылықтап тұрса, жыпылықтар саны басқаша болуы мүмкін.

    Ескерту

    • Динамикті алақанмен екі рет қатты және тез соғып жіберіңіз.
  3. Динамиктің үстіңгі, алдыңғы жағын, екі бүйірін немесе астыңғы жағын ұрып жіберіңіз.

    Динамиктен дыбыстық әсерлер шығады және динамиктің шамы жанады*2.

    *2 Тіпті жарықтандыру функциясы өшсе де, динамикті ұрып жібергенде жарық жанып тұрады.


    Сіз ұрыып жібергенде дыбыстық әсерлер шығатын беттер бұл динамиктің үстіңгі, алдыңғы жақтары, екі бүйірі және астыңғы жағы.

    Дыбыстық әсердің түрі және көлемі қай бетті түрткеніңізге және қаншалықты қатты түрткеніңізге байланысты өзгереді.

    Ескерту

    • Ұрып жіберу әдісіне қарай динамик жауап бермеуі және дыбыстық әсерлер шығарылмауы мүмкін.

Party күшейткіші функциясын өшіру үшін

қайтадан басыңыз немесе динамикті өшіріңіз.

Динамиктің - (дыбыс деңгейі) түймесін және + (дыбыс деңгейі) түймесін пайдалана отырып немесе қадамындағыдай қақпақтың төменгі сол жағын екі рет тез түртіп жіберу арқылы Party күшейткіші функциясын өшірсеңіз, (қуат) индикаторы 4 рет жыпылықтайды.

Кірістірілген батарея зарядының деңгейі төмен болса және (қуат) индикаторы жыпылықтап тұрса, жыпылықтар саны басқаша болуы мүмкін.

Тұспал

  • «Sony | Music Center» бар дыбыстық әсердің түрін таңдауға болады.
    Динамикті сатып алғанда «Drum Kit» орнатулы болады.

Ескерту

  • Динамикті көтеріп жүргенде қуатты өшіріңіз.
    Қуат қосулы болса, дірілдерге, т.б. байланысты Party күшейткіші функциясы кездейсоқ қосылып, дыбыстық әсер шығарылуы мүмкін. Party күшейткіші функциясы қосылғанда динамиктің қуатын өшіріңіз.
  • Динамик адамға немесе затқа соғылса, оның апатқа, жарақаттануға немесе дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін. Party күшейткіші функциясын пайдаланғанда мыналарды ескеріңіз.
    • Динамикті пайдаланғанда кабельдерді ажыратыңыз және қақпақты жабыңыз.
    • Адаптер қосулы болғанда пайдаланбаңыз.
    • Бұл функцияны пайдаланғанда динамикті лақтырып жібермеу немесе қолдан түсіріп алмау үшін қатты ұстаңыз және динамикті қатты сілкімеңіз.
    • Бұл функцияны пайдалану алдында динамиктің айналасында жеткілікті кеңістік бар екенін тексеріңіз.
    • Динамикті құралмен ұрмаңыз.
    • Көлік жүргізу немесе жүру кезінде бұл функцияны пайдаланбаңыз.
    • Пайдалану кезінде беттен және көзден 20 см немесе одан көбірек аралықты сақтаңыз.
    • Бұл функцияны ұзақ уақыт бойы пайдаланбаңыз. Жүйелі түрде үзілістер жасап тұрыңыз.
    • Бұл функцияны пайдалану кезінде шаршасаңыз, ыңғайсыздық сезінсеңіз немесе денеңіздің бір жерінде ауыруды сезсеңіз, функцияны пайдалануды бірден тоқтатыңыз.